«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖАҚСЫ ӨТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі уақытта жергілікті билік пен төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің табиғи апаттарға қарсы күресте бірлесе тиімді әрекет жасауына баса назар аударылып отыр. Осы орайда орман өрттерінің алдын алу мақсатында Жамбыл ауданында өрт-тактикалық жаттығулар өтті.

Солтүстікқазақстандықтар өздерінің қостанайлық әріптестерімен бірге орман өрттері туындай қалса, қалайша бірлесіп әрекет етуге болатынын пысықтады.
Оқу-жаттығулардың сценарийі бойынша орман алабында демалушылардың отты сөндірмей кетуі салдарынан қаулаған өрт желдің күшеюі нәтижесінде 2600 адамнан астам тұрғыны бар Троебратное елді мекеніне таралды.
Тілсіз жаумен күресуге рұқсат алғаннан кейін Пресновка ауылындағы 11-ші өрт сөндіру бөлімі, орман шаруашылығы мекемесінің өртке қарсы құрылымдары, жергілікті полиция және Пресноредуть өрт бекетінің қызметкерлері бірден іске кірісті. Оларға орман өрттерін сөндірудің жедел жоспарына сәйкес тартылатын аудандық ұйымдардың, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының адамдары көмекке келді. Сондай-ақ, Қостанай облысындағы Ұзынкөл ауылында орналасқан 19-шы өрт сөндіру қосынының және Троебратное ауылының ерікті өртке қарсы құрылымының өрт сөндірушілері оқиға орнына жедел келіп жетті.
Барлығы жедел жұмылғанның нәтижесінде «күтпеген қонақ» тез арада ауыздықталды, әрі жақын арадағы елді мекенге таралуы мүмкін отқа тосқауыл қойылды. Есепті уақытта өрт толық сөндірілді.
Оқу-жаттығуға қатысушылар өздеріне жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды «жақсы» деген бағаға орындады. Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департатменттің өрт сөндiру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметiнің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Марат Сыздықов, Қостанай облысы Ұзынкөл ауылының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Жанболат Омаров және Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Сейілбек Смайылов екі жақтың өзара әрекеттесу деңгейіне өте жоғары баға берді және іргелес аумақтарда төтенше оқиғалардың алдын алу және жою мақсатында екі облыс қызметкерлері бұдан әрі қарай да ынтымақтаса жұмыс істейтіндеріне сенім білдірді.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp