«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.09.2019

ЕҚЫҰ ӨКІЛІ – ПЕТРОПАВЛДА

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірімізге жұмыс сапарымен келген Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Ламберто Заньерді қабылдады.

ЕКІ АДАМ ГАЗДАН УЛАНДЫ

Тимирязев ауданының орталығы Тимирязево ауылында 1973 жылы дүниеге келген әйел мен оның 2009 жылы туған қызы жеке тұрғын үйде газдан уланды. Оқыс оқиға түтін шығатын мұржаның тазаланбауы салдарынан орын алды.

ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУДА

Өңірде тіркелген 109 жеке күзет құрылымы 6 мыңға жуық нысанға бақылау жүргізеді. Биылғы жылдың өзінде күзет қызметі мамандарының көмегімен 39 қылмыстың беті ашылған.

БҰРЫН СОТТАЛҒАН БЛОГЕР ТАҒЫ ДА ІСТІ БОЛДЫ

Петропавл қалалық сотында әлеуметтік желілерде облыс орталығының автобустарындағы олқылықтар туралы жазбаларды жариялап, қоғамдық көлік жүргізушілерін бопсалаған блогер Константин Тимичевтің ісіне қатысты сот отырысы басталды. 38 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны әбден тозып, әбден тозығы жеткен автобустардың сапасы, өздігінен жануы, олардың ішіндегі тазалық жағдайы, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу оқиғалары және жергілікті әкімдік шенеуніктерінің бұған немқұрайдылықпен қарайтындығын сынаған …

БҰРЫН СОТТАЛҒАН БЛОГЕР ТАҒЫ ДА ІСТІ БОЛДЫ Read More »

ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

5-6 қыркүйек күндеріне «Қазгидромет» мамандары ескерту жариялады. Оңтүстіктен келген циклонның әсерінен қатты жел тұрып, жауын-шашын болуы мүмкін. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін күшейеді. 

ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБА

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені анықтау үшін медициналық сақтандыру қоры «Saqtandyrý» атты қанатқақты ақпараттық жүйені іске қосты.  

«АЯЛА» ҚОРЫ МЕН “ҚАЗПОШТАНЫҢ” БІРЛЕСКЕН ЖОБАСЫ

Халықаралық қайырымдылық күні қарсаңында “Қазпошта” АҚ қазақстандықтарға «АЯЛА» қорының қайырымдылық жобаларына қатысуға мүмкіндік ұсынып отыр. Енді Қазақстанның кез-келген өңіріндегі “Қазпоштаның” барлық бөлімшелері мен терминалдары балалардың денсаулығын қорғау, сәби өлімін және мүгедектігін азайту мақсатындағы бағдарламаларға, сондай-ақ, осы қордың әртүрлі білім беру жобаларына қайырымдылық жәрдемін қабылдайды.

ҰЛБИКЕ – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 1999-2000 жылдары дүниеге келген жастар арасында белбеу күресінен ел біріншілігі өтті. Бұл жарыста Қазақстанның әр облысынан келген 200-ге жуық спортшы 14 салмақ дәрежесі бойынша бақ таластырды.

ӘСЕМ РАХМЕТОВА ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Осыған дейін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы қызметін атқарып келген Әсем Рахметова “Nur Otan” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Оны партия активіне облыс әкімі, филиалдың төрағасы Құмар Ақсақалов таныстырды.

ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ

Петропавлдағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Отбасы күніне орай шара өтті. Оған ұстаздар қауымы, ардагерлер мен жастар қатысты.

ЛАЙЫҚТЫ ҚАРСЫЛАС

  Жеңіл салмақтағы “UFC” чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық Дастин Порьеге қарсы жекпе-жек өткізеді. Турнир қыркүйектің 7-сі күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:00-де басталады.   

АТАҒЫ ҚАЙТАРЫЛДЫ

  Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (“WBA”) бірінші ауыр салмақтағы рейтингтің жаңарған нұсқасын жариялады.   

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ БІР АУЫЛДЫ ТҮЛЕТТІ

Солтүстік Қазақстан облысында жабылудың аз-ақ алдында тұрған ферма екі жылда адам танымастай өзгерді. Бұл – мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалана білген фермер еңбегінің жемісі. Тайынша ауданындағы «Донецкое – Нұрлы Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыс орталығынан 200 шақырым жерде орналасқан. Белгілі бір себептермен Донецкое ауылының тіршілігі тұралап, берекесі кете бастағанда, іскер азаматтар бас біріктіріп, елді мекеннің тамырына …

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ БІР АУЫЛДЫ ТҮЛЕТТІ Read More »

МӘРТЕБЕСІ АСҚАҚ, АЯСЫ КЕҢ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауында экономика мен саясат, білім мен ғылым, өнер мен мәдениет салаларын дамыту бойынша ел алдында тұрған нақты міндеттерді белгіледі. Президент маңызды құжатта мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесін де ұмыт қалдырған жоқ.

ЖАҢА ҮЙІРМЕЛЕР АШЫЛДЫ

Петропавлдағы Оқушылар сарайында оқу жылы 15 қыркүйек күні басталады. Қазіргі таңда әлемдегі озық IT-технологиялар қолданылатын орталыққа қабылдау жүріп жатыр. Былтыр мұнда 87 үйірме жұмыс істеп, екі мыңға жуық оқушы білім алды. Ал, биыл көркем эстетикалық бағытта тағы үш үйірме ашылмақ.

ӨЛЕҢІН ӨМІРІНЕ СЕРІК ЕТКЕН

Ақындық – ардан, талант – тумыстан, сөз жүректен шықса, өмір мәнді, өнер нәрлі, тұрмыс сәнді болатыны сөзсіз. Мұны ұлттық құндылықтар қайнары – қазақ руханиятына, соның ішінде ақындық өнердің қасиет-құдіретіне, тарихы мен тағылымына қатысты айтуға әбден болады. Қазақ руханиятында, ұлттық сөз өнері тарихында дарын иелері, талантты тұлғалар аз емес. Сол биікте ақын Тоқтар Кәрімовтің есімі мен …

ӨЛЕҢІН ӨМІРІНЕ СЕРІК ЕТКЕН Read More »