«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҰРЫН СОТТАЛҒАН БЛОГЕР ТАҒЫ ДА ІСТІ БОЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық сотында әлеуметтік желілерде облыс орталығының автобустарындағы олқылықтар туралы жазбаларды жариялап, қоғамдық көлік жүргізушілерін бопсалаған блогер Константин Тимичевтің ісіне қатысты сот отырысы басталды. 38 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны әбден тозып, әбден тозығы жеткен автобустардың сапасы, өздігінен жануы, олардың ішіндегі тазалық жағдайы, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу оқиғалары және жергілікті әкімдік шенеуніктерінің бұған немқұрайдылықпен қарайтындығын сынаған еді.

Нақтырақ айтсақ, Константин былтырғы жылдың қараша айынан бастап биылғы 12 маусымға дейін осындай жазбаларды ғаламторда жариялаған болатын. Мұндай келеңсіз жағдайларды жұртқа жария етпеу үшін ол күнделікті жол бағытына шығатын автобус жүргізушілерінен 200 теңге бопсалаған екен.
«Солтүстік Қазақстан облысының автокөлік одағы» қауымдастығының төрайымы Галина Семенованың айтуынша, ол өзінің меншігіндегі 9М автобустарында байқалған олқылықтардың әлеуметтік желілерде жарияланбауы үшін блогерге 111600 теңге беріпті. Оны полиция қызметкерлері жолаушы тасымалдаушылардың бірінен 286 000 теңге алып жатқан жерінде қолға түсірді.
Жергілікті блогер бұған дейін қоғамдық көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген. Константин Тимичевтің жеке тұлғаға қарсы қылмыстары үшін сотталғаны белгілі.
Константинге Қылмыстық кодекстің 194-ші бабының 1-ші және 2-ші тармақтары бойынша айып тағылып отыр. 

Сурет https://www.inform.kz сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp