«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҮЙІРМЕЛЕР АШЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Оқушылар сарайында оқу жылы 15 қыркүйек күні басталады. Қазіргі таңда әлемдегі озық IT-технологиялар қолданылатын орталыққа қабылдау жүріп жатыр. Былтыр мұнда 87 үйірме жұмыс істеп, екі мыңға жуық оқушы білім алды. Ал, биыл көркем эстетикалық бағытта тағы үш үйірме ашылмақ.

Олар: гитара, фортепьяно, қобыз үйірмелері. Сондай-ақ анимациялық студия да ашылады. Балалар бұл қосымша сабақтарға қазірден бастап жазыла алады.
Қобыз үйірмесінің мұғалімі Мәдина Сатинаның айтуынша, бір жыл бұрын ашылған Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері осы аралықта жақсы жетістіктерге жетіп, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
Оқушылар сарайы – барлық талаптарға сай бірегей ғимарат. Орталықта балалар әртүрлі бағытта кеңейтілген оқу бағдарламасы бойынша білім алады. Оған қажетті заманауи жабдықтар бар. Оқушылар биотехнология, робототехника, мәдениет салаларын қамтыған үйірмелерге барады. Тіпті заманауи киностудия кабинеті де бар. Мұнда балалардың камера, телесуфлермен жақынырақ танысуға мүмкіндіктері бар.
Қыркүйектің 7-і мен 8-і күндері Оқушылар сарайында жаңа оқу жылының қарсаңында “Ашық есік” күні өткізіледі. Оқушылар сарайы директорының оқу тәрбие жөніндегі орынбасары Амангелді Әбдірахмановтың айтуынша, онда IT, экология-биология және көркемөнер бағытындағы кабинеттер көрсетіліп, үйірмелердің жұмысы таныстырылады. Сондай-ақ келушілер концерт тамашалай алады.

http://petropavltv.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp