«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде тіркелген 109 жеке күзет құрылымы 6 мыңға жуық нысанға бақылау жүргізеді. Биылғы жылдың өзінде күзет қызметі мамандарының көмегімен 39 қылмыстың беті ашылған.

Түрлі заң бұзушылық әрекеттердің алдын алу шарасын күзет құрылымдары облыстық полиция департаментімен бірлесіп жүргізеді. «Жыл басынан бері 5 кешенді шара жүргізілді. Тоқсан сайын күзет құрылымдарының басшыларымен кездесіп, олардың кемшіліктеріне қатысты нұсқаулықтар береміз. Сондай-ақ, өткен сегіз ай ішінде 30 оқу-жаттығу шаралары өткізілді. Онда жеке нысанға шабуыл жасалған кезде күзетші қандай қимыл-әрекет жасау керектігі үйретілді», деді облыстық полиция департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушы Руслан Данияров.

Күн сайын көшеге патрульдеуге шыққан жедел топтар нысандар бойынша бақылау жүргізіп, дабыл қағылған кезде қылмыскерлерді бірер минутта құқықтауға дағдыланған. Жыл басынан бері күзетшілер 640 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp