АҢШЫЛЫҚ МАУСЫМЫ БАСТАЛАДЫ
Әуесқой аңшылар тағатсыздана күтетін кезекті маусымның басталуына аз уақыт қалды. Қыркүйектің бірінші сенбісінен бастап 30 қарашаға дейін бөденелерді, көгершіндерді, 7 қыркүйектен 15 қарашаға дейін шілдерді, 7 қыркүйектен 30 қарашаға дейін құрларды, қыркүйектің 7-сінен 31 желтоқсанға дейін борсықтарды, бұландарды, қабандар және маралдарды, 20 қыркүйектен желтоқсанның 31-не дейін сібір елігін, қарашаның 1-нен бастап 15 ақпанға дейін …