«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ КҮМІС, БІР ҚОЛА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында семсерлесуден 23 жастағы спортшылар арасында ел біріншілігі өтті. Жарыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қатысушылар кіл мықтыны анықтады.

Облыстың намысын қорғаған жерлестеріміздің ішінде Денис Анацко жекелей сын барысында ұпай сандары бойынша бір қарсыласына ғана жол беріп, күміс медальды олжалады. Сонымен қатар Денис, Бахрам Мамурзаев, Павел Гладков, Андрей Алтенко, Артем Сенинг пен Антон Колесников командалық додада екінші және үшінші орындарға ие болды.
Жергілікті семсерлесушілердің көпшілігі – көптеген бәсі биік жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері екенін айта кету қажет. Олар облыс орталығындағы “Жеңіс” олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp