«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕЛІДЕГІ ЖАЗБАНЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңа оқу жылының қарсаңында әлеуметтік желіде Жамбыл ауданындағы Клабдинка ауылындағы мектептің оқушыларды қабылдауға дайын еместігі, жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржының мақсатсыз пайдаланылғаны жөнінде анонимді жазба тараған болатын. Осы мектепке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің, “Qyzyljar – adaldyq alańy” жобалық кеңсесінің мамандары арнайы барып, ақпараттың дұрыстығын тексерді.


Жазбада автор білім ордасын жөндеуге 60 млн. теңге бөлінгенін көрсетіпті. Оның айтуынша, қаржыны мақсатсыз пайдаланғандарымен қоймай, мұғалімдерді жөндеу жұмыстарын аяқтауға мәжбүрлеген. Мектеп директоры оларды жұмыстан шығаратынын айтып қорқытқан.

Орта мектепте бүгінде 76 оқушы білім алуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің айтуынша, мектепке күрделі жөндеу жүргізілгені көрініп тұр. Шатыры мен терезесі ауыстырылған. Спорт залдың едені ауыстырылып, толық жөнделген. Қазір ғимараттың кіреберісі қалпына келтірілуде. Бұл жұмыстарға 54 млн. теңге ақша бөлінген.
Аудандық білім бөлімінің басшысы барлық жұмыстардың 20 қыркүйекке дейін аяқталатынын айтты. Сондай-ақ, Кладбинка ауылдық округіндегі шаруа қожалығының қолдауымен 1 млн. 100 мың теңгеге мектептің кабинеттеріне жаңа есіктер орнатылмақ.
Мониторинг барысында жөндеуді мердігер компанияның жұмысшылары орындап жатқаны белгілі болды. Олардың қатарында жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған ауыл тұрғындары да бар. Ал мектеп мұғалімдері өздерін жөндеу жұмыстарына жұмылдырғаны жөнінде ақпаратты жоққа шығарды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp