«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАНДАР СЫЙАҚЫ АЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректері туралы хабарлағандарға жыл басынан бері 858 мың теңге сыйақы берілді. СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамға біржолғы ақшалай сыйақы төленеді.

Қазіргі таңда агенттік халықаралық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағандарға көтермелеудің сараланған жүйесін енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Мәселен, пара сомасы 2,5 млн. теңге мен 10 млн. теңге аралығында болса, хабарлаған адамға оның 10 пайызы берілмек.
Облыста тамыз айының соңында екі мемлекеттік қызметші парамен ұсталды. Тимирязев аудандық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімшесі әкімшілік ғимаратының сырылуына жол бермеу мақсатында келісілген 200 мың теңгенің 100 мың теңгесін алу кезінде ауылдық округ әкімі ұсталды. Сондай-ақ, Шал ақын ауданының ветеринария бөлімінің басшысы да әкімшілік хаттаманы толтырмай 100 мың теңге пара алғаны үшін қолға түсті. Екі мемлекеттік қызметші де өз кінәларын толығымен мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp