«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СІЛЕТІ ӨЗЕНІНІҢ АРНАСЫ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Көктемгі су тасқынына дайындық мәселелері Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті, жергілікті атқарушы билік органдары, мұнымен тікелей байланысты ұйымдар және азаматтық Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс қызметінің үнемі жіті бақылауында. Бұл орайда Ақмола, Павлодар және біздің облыстың жұмыс топтары Уәлиханов, Павлодар облысының Ақтоғай және Ақмола өңірінің Ерейментау аудандарының аумағында орналасқан Сілеті өзенінің арнасына және су қоймасына комиссиялық тексеріс жүргізді. 

Бұл шараға қатысқан осы өңірлердің жұмыс топтары, Есіл бассейндік инспекцияның, «Казгидромет» және «Казводхоз» республикалық мемлекеттік мекемелердің басшылығы және мамандары Уәлиханов ауданының Қулыкөл ауылында су тасқыны кезінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

Жиналыстан кейін топ мүшелері Қулыкөл және Қаратал ауылдары арасындағы жол учаскесін тексерді. Өйткені былтырғы жылы мұнда табиғи құбылыстың салдарынан қатынас қиындаған болатын. Сонымен қатар олар қолданыстағы жайылмалы суармалы жүйесі бар «Сегіз көз» гидротехникалық ғимаратына баса назар аударды. Бұл нысанда биылғы көктемде Сілеті су қоймасындасу деңгейі шамадан тыс көтерілуіне байланысты төрт құбыр сынды.
Сондай-ақ, Қулыкөл ауылдық округінің аумағында орналасқан басқа гидротехникалық құрылыс – «Екі көз» де тексерілді.
Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері көктемгі су тасқыны кезеңінде Сілеті су қоймасынан суды жинау және ағызу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жоспарын белгілеп, пысықтады.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp