«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.09.2019

ҰРЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ

  Өңірімізде “Астық” республикалық жедел-алдын алу шарасы өтуде. 20 тамыз бен 10 қазан аралығында өтетін шараның мақсаты – орақ науқаны кезінде астықтың, ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерінің және жанар-жағармайдың ұрлануына тосқауыл қою.  Мәселен, Тимирязев ауданындағы ауылдық округтердің бірінің әкімі жеке кәсіпкердің асыл тұқымды бұқасының қолды болғандығы жөнінде арызданды. Ірі қара малдың нарықтағы бағасы 420 мың …

ҰРЫ ҚОЛҒА ТҮСТІ Read More »

КРОССФИТ ДОДАСЫ

  Петропавл қаласында кроссфиттен, яғни, функционалды көпсайыстан облыс біріншілігі өтті. Жарысқа 50-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында әуесқойлар да кәсіби спортшылар да болды.  Жарыстың қорытындысы бойынша 15 және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Александр Поротиков пен Роман Степанищев, әуесқойлар арасында Андрей Качмар мен Татьяна Рыбалко, кәсіпқой атлеттердің ішінде Роман Джентлев, ал 40 және одан жоғары …

КРОССФИТ ДОДАСЫ Read More »

ЖАСТАР ЛАТЫН ҚАРПІМЕН ДИКТАНТ ЖАЗДЫ

  Бүгін ел бойынша жастар латын қарпінен диктант жазды. Бұл шараға облыс жастары да белсенді қатысты. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында оқитын студенттермен қатар, оқытушылар да латын қарпінде жазуды қаншалықты меңгергендерін сынады. Жастар жылына орай ұйымдастырылған шараға 200-ге жуық адам диктант жазды.  Кафедра оқытушысы Ботагөз Тауқұдіретованың …

ЖАСТАР ЛАТЫН ҚАРПІМЕН ДИКТАНТ ЖАЗДЫ Read More »

ӘНШІ КҮЛӘШПЕН КЕЗДЕСУ

  Жезтаңдай әнші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Байсейітова – қазақ өнерінің қайталанбас дара тұлғасы. Көзі тірісінде тыңдарманның жүрегіне жол тапқан өнерпаз жайлы айтылар әңгіме таусылған емес. Қазақ өнерінің жарық жұлдызы атанған әншімен бір кездері кездесудің сәті түскеніне қуанамын.  1957 жылы қаңтарда дүкенші болып істейтін әкем Бәриге Преснов (қазіргі Жамбыл) аудандық тұтынушылар қоғамының басқармасынан хат келді. …

ӘНШІ КҮЛӘШПЕН КЕЗДЕСУ Read More »

ПЕСТИЦИДТЕН ҚЫРЫЛДЫ

Осыдан үш апта бұрын Жамбыл ауданындағы Богдановка ауылының жанындағы Толыбай көлінде мөңке балығы жаппай қырылған болатын. Арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себебі анықталды. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Ильдар Кәкімовтің айтуынша, бүгінгі күнге дейін мамандар қажетті сараптамалар жүргізген. Әр жерден су сынамалары алынып, балықтар зертханаларға жөнелтілген. Талдау нәтижесінде балықтардың қырылуына пестицидтер себеп …

ПЕСТИЦИДТЕН ҚЫРЫЛДЫ Read More »

ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Қазақстан халқы тілдері күніне орай Ақмола облысында Төтенше жағдайлар комитеті аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында “Полиглот – 2019″ республикалық байқауы өтті. Сайысқа облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің радиотелефоншысы Марина Самойленко қатысып, екінші орынды иеленді. Байқау бес кезеңнен тұрды. Қатысушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгергендігін, мұны әртүрлі төтенше жағдайларда қалай пайдалану керектігін көрсету міндеттелді. Атап …

ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ Read More »

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІ АЛДАДЫ

Петропавл қаласында бір күнде үш зейнеткер белгісіз біреулерге алданып, жинаған ақшаларынан айрылып қалды. Тәртіп сақшыларына алаяқтарға жем болғандығы жөнінде Петропавлдың әртүрлі шағын ауданынан үш тұрғын арызданған. Үшеуінде де қылмыскерлер арам ойларын бір әдіспен жүзеге асырған. Мәселен, 80 жастағы зейнеткерге бейтаныс әйел телефон соғып, сеніміне кіре сөйлесіп, Ресей Федерациясында туыстарының бар-жоғын білген. Оң жауап алғаннан кейін …

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІ АЛДАДЫ Read More »

ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБА

  Медициналық сақтандыру қоры “Saqtandyrý” атты қанатқақты ақпараттық жүйені іске қосты. Аталмыш жүйе медициналық қызмет алушылардың мәртебесін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. “Saqtandyrý” ақпараттық жүйесі Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің қанатқақты жобасы аясында сынақтан өтуде. Тұрғындар үшін бұл жоба ешқандай қиындық тудырмайды.  Қазір біздің өңірімізде 552 мың тұрғын болса, соның 219 мыңы жұмыспен …

ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБА Read More »

БОЛАШАҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖОБА

Жыл басынан бері «Бастау» жобасы аясында бір мыңға жуық солтүстікқазақстандық бизнестің қыр-сырына қанықты. Осы жолы жоба қатысушылары 6 топқа бөлініп, тәжірибелі мамандардан ақыл-кеңес алуда. Облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Рахымбек Зейнуллиннің айтуына қарағанда, бизнес тақырыбындағы теория сабақтарынан соң жоба қатысушыларына психологтар мен жаттықтырушылар көмекке келеді. Түрлі семинар, лекциялардан соң болашақ кәсіпкерлер өз жобасын қорғап, сертификатқа …

БОЛАШАҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖОБА Read More »

ҚАРЖЫ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛДЫ

  Өңір тұрғындарына елу екі мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында денсаулық сақтау мекемелері әлеуметтік сақтандыру қорымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа отырған.  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары тұрғындарға көрсетілетін тегін медициналық көмектің сапасына бақылау жүргізеді. Жекеменшік және мемлекеттік медициналық мекемелер науқастарға қызмет көрсетуде диагностикалау мен емдеу талаптарын бірдей …

ҚАРЖЫ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛДЫ Read More »

ТӘРТІП БҰЗҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

  Облыстық прокуратура өкілдері шартты түрде сотталғандардың тәртібін тексеру мақсатында рейдтік шара өткізді. Оның барысында сот үкімінің талаптарын сақтамай, түрлі бұзушылықтарға жол берген азаматтар анықталды.  Шартты түрде сотталғандардың сот қаулысына сәйкес кешкі сағат 6-дан кейін сыртқа шығуға құқықтары жоқ. Алайда тексеріс кезінде бұл талаптарды ескермейтіндердің бар екені белгілі болды. Облыс орталығының Шухов көшесінде орналасқан жатақханада …

ТӘРТІП БҰЗҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ Read More »

ЖАЗБАЛАР ЖОЙЫЛДЫ

Кәмелеттік жасқа толған бойжеткен облыс орталығындағы тұр­ғын үйлердің сыртына, подъез­дер мен қоршауларға “интернет-дү­кен­дердің” мекенжайын жазған. Онда “Telegram” мессенджері арқы­лы есірткі заттары саудаланады де­ген күдік бар.

СЫЙАҚЫ – 858 МЫҢ ТЕҢГЕ

Солтүстік Қазақстан облысында жемқорлық фак­тілері туралы хабарлағандарға жыл басынан бері 858 мың теңге сыйақы берілді. Облыстық сы­байлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметін­ше, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қол­да­ну туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, құқық бұзушылық туралы ха­барлаған адамға ақшалай сыйақы тө­ленеді.

ЖАЛҚАУЛЫҚ – БЕС ДҰШПАННЫҢ БІРІ

Бүгінгі қоғамда жалқаулардың көбейгені, масылдықтың белең алғаны аға буын өкілі ретінде мені қатты ойландырады. Тіпті, теп­се темір үзетін жігіттер мемлекетке қол жаю­ды ар санамайды. Біз де қиындықты аз көр­ген жоқпыз. Бірақ еңбекқорлықтың, ар-на­мыстың арқасында оның бәрін жеңе білдік. Сондықтан қолыма қалам алып, өмірден көр­ген-түйгендерімді кейінгілерге айтуды жөн көрдім.

“АЯЛАНЫҢ” АЯЛЫ АЛАҚАНЫ

Халықаралық қайырымдылық күніне орай “Қазпошта” АҚ қазақ­стандықтарға “АЯЛА” қорының жо­баларына қатысуға мүмкіндік ұсы­нып отыр. Енді Қазақстанның кез келген өңіріндегі “Қазпошта­ның” барлық бөлімшелері мен тер­миналдары балалардың денсау­лығын қорғау, сәби өлімін және мү­гедектігін азайту мақсатында осы қордың әртүрлі жобаларына қайы­рымдылық жәрдемін қабылдайды.

МЕКТЕБІ ЖАҚСЫ ЕЛДІҢ — ЕРТЕҢІ НҰРЛЫ

Бүгінде ұстаздар қауымының алдында тұрған басты міндет – бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Осы бағытты ұстанатын дарынды балаларға мамандандырылған “ЛОРД” интернат-лицейі 25 жылдан астам уақыт ішінде жоғары көрсеткішке ие алдыңғы қатарлы білім ордасына айналды. Биылғы тамыз кеңесінде “Орта білім беретін үздік ұйым” атауын жеңіп алғанымызды қолға алынған осы жаңашылдықтар мен мектебіміздің педагогикалық ұжымының тынбай еңбектенгенінің нәтижесі …

МЕКТЕБІ ЖАҚСЫ ЕЛДІҢ — ЕРТЕҢІ НҰРЛЫ Read More »

ТУҒАН ЖЕРІМ — ЖАМАНШҰБАР

Жазушы Сәбит Мұқанов өзі­нің дарынды қаламдастары тәрізді поэзия, проза, драматургия салалары мен әдеби сын-зерттеуде өнімді еңбектеніп, артына құнды мұра қалдырды. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, көлемді, идеялық мәні жоғары да бағалы. Ол 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повестер мен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пье­са, жоғары оқу …

ТУҒАН ЖЕРІМ — ЖАМАНШҰБАР Read More »

ҚАСИЕТТІ БОРЫШ

  Елімізде күзгі әскерге шақыру маусымы басталды. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте Қарулы күштер қатарын толықтыру жайы пысықталған жиын өтіп, оған облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев қатысты.  Департамент бастығы, полковник Талғат Әліқұлов атап өткендей, өткен маусымда Қарулы күштер қатарын 547 солтүстікқазақстандық жас толықтырса, осы жолы тағы 500 бозбала Қазақстанның түкпір-түкпірінде Отан алдындағы борышын өтемек. Өкінішке …

ҚАСИЕТТІ БОРЫШ Read More »

КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ ӨРІСІ КЕҢЕЙЕ ТҮСЕДІ

  Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлда 500 орындық заманауи көпбейінді аурухананың құрылысын жүргізетін түркиялық “YDA Holding” компаниясының басқарма басшысы Арслан Хусейнмен кездесті.  Былтыр Нұр-Сұлтан қаласында өткен “Kazakhstan Global Investment Roundtable” атты іскерлік кездесу барысында жалпы құны 8,9 млрд. АҚШ долларын құ-райтын 45 коммерциялық келісімге қол қойылған болатын. Сол жобалардың бірі – консультативтік-диагностикалық орталығы бар 500 …

КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ ӨРІСІ КЕҢЕЙЕ ТҮСЕДІ Read More »

“БОЛАШАҒЫ ЖОҚ” ДЕГЕН ҚАСАҢ КӨЗҚАРАСТАН АРЫЛАТЫН МЕЗГІЛ ЖЕТТІ

Еліміздің алдағы стратегиялық мақсат-міндеттерін жан-жақты тұжырымдап берген Президент Жолдауы маған үлкен ой салды. Оның ішінен шағын ауылдарды дамытуға қатысты өте күрделі проблемалардың күн тәртібіне өткір, ашық қойылуын бөле-жара айтар едім. Осыған орай әзірленген өңірлік стандарттарға үш мыңнан астам негізгі және қанаттас ауылдық елді мекендердің енгізілгені, “Ауыл – ел бесігі” жобасы бойынша алдағы үш жыл ішінде …

“БОЛАШАҒЫ ЖОҚ” ДЕГЕН ҚАСАҢ КӨЗҚАРАСТАН АРЫЛАТЫН МЕЗГІЛ ЖЕТТІ Read More »