Облыстық прокуратура өкілдері шартты түрде сотталғандардың тәртібін тексеру мақсатында рейдтік шара өткізді. Оның барысында сот үкімінің талаптарын сақтамай, түрлі бұзушылықтарға жол берген азаматтар анықталды.
Шартты түрде сотталғандардың сот қаулысына сәйкес кешкі сағат 6-дан кейін сыртқа шығуға құқықтары жоқ. Алайда тексеріс кезінде бұл талаптарды ескермейтіндердің бар екені белгілі болды. Облыс орталығының Шухов көшесінде орналасқан жатақханада тұратын екі сотталған прокуратура қызметкерлері іздеп барғанда үйлерінде болмай шықты.
Қазіргі таңда пробация тізімінде тұрғандар арасында заң бұзушылықтар орын алып жатады. Сол себепті, тексерістердің де саны артып отыр. Бүгінде 1200 адам есепте тұр. Оның басым көпшілігі облыс орталығының тұрғындары. Жыл басынан шартты мерзімді өтеу ережелерін бұзғаны үшін 100-ден астам азамат түзеу мекемелеріне қайта оралған екен.
Сурет http://turaninform.kz сайтынан алынды.