Кәмелеттік жасқа толған бойжеткен облыс орталығындағы тұрғын үйлердің сыртына, подъездер мен қоршауларға “интернет-дүкендердің” мекенжайын жазған. Онда “Telegram” мессенджері арқылы есірткі заттары саудаланады деген күдік бар.
Күдікті қыздың ұялы телефонынан салған жазбаларының жанында түскен суреттері табылды. Жазбалар бірден жойылды. Тәртіп сақшылары Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің “Ұсақ бұзақылық” бабына сәйкес материал жинап, істі сотқа жібереді.
Жыл басынан бері облыс полицейлері есірткіге қатысты 132 заң бұзушылықты анықтады. Заңсыз айналымнан 200 килограмға жуық есірткі заты тәркіленсе, соның 112 грамы героин болды.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.