«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан халқы тілдері күніне орай Ақмола облысында Төтенше жағдайлар комитеті аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында “Полиглот – 2019″ республикалық байқауы өтті. Сайысқа облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің радиотелефоншысы Марина Самойленко қатысып, екінші орынды иеленді.
Байқау бес кезеңнен тұрды. Қатысушыларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгергендігін, мұны әртүрлі төтенше жағдайларда қалай пайдалану керектігін көрсету міндеттелді. Атап айтқанда, үміткерлер өздерін үш тілде таныстырып, берілген терминдердің мағынасын ашып, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, тұрмысы мен мәдениеті туралы сұрақтарға жауап берді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp