«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІ АЛДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында бір күнде үш зейнеткер белгісіз біреулерге алданып, жинаған ақшаларынан айрылып қалды. Тәртіп сақшыларына алаяқтарға жем болғандығы жөнінде Петропавлдың әртүрлі шағын ауданынан үш тұрғын арызданған. Үшеуінде де қылмыскерлер арам ойларын бір әдіспен жүзеге асырған. Мәселен, 80 жастағы зейнеткерге бейтаныс әйел телефон соғып, сеніміне кіре сөйлесіп, Ресей Федерациясында туыстарының бар-жоғын білген. Оң жауап алғаннан кейін солардың өтініші бойынша хабарласып тұрғанын, туыстарына ақшалай көмек керек екенін, ал ақшаны ортақ таныстары әкететінін айтқан. Көп ұзамай келген ер адамға егде жастағы әйел 50 мың теңгесін ұстатып жіберіпті. Тек содан кейін шетелдегі туыстарына хабарласқан зейнеткер өзінің алаяқтарға жем болғанын білген.
–Алаяқтар үш жағдайда да егде жастағы әйелдерді таңдаған. Телефон арқылы бейтаныс келіншек олардың іші-бауырына кіре сөйлесіп, соңында ақша сұрап отырған. 78 жастағы зейнеткер жиған-терген 500 мың теңгесін беріп қойған. Алаяқтар психологиялық ықпал жасауды жақсы меңгерген. Петропавл қалалық полиция басқармасының жеке құрамы қылмысты ашуға жұмылдырылды,–дейді облыстық полиция департаменті криминалды полиция басқармасының басшысы Петр Климов.
Өңірімізде жыл басынан бері алаяқтыққа қатысты 307 факті тіркелсе, оның 174-інде іс сотқа дейін жетті.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp