Петропавл қаласында кроссфиттен, яғни, функционалды көпсайыстан облыс біріншілігі өтті. Жарысқа 50-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында әуесқойлар да кәсіби спортшылар да болды.
Жарыстың қорытындысы бойынша 15 және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Александр Поротиков пен Роман Степанищев, әуесқойлар арасында Андрей Качмар мен Татьяна Рыбалко, кәсіпқой атлеттердің ішінде Роман Джентлев, ал 40 және одан жоғары жастағы қатысушылардың арасындағы бәсекеде Дмитрий Лобунец бірінші орын иегері атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің барлығы грамоталармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Сурет https://kachpravda.ru сайтынан алынды.