«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮРДЕЛІ ЖАҒДАЙДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Күзгі орақ науқаны диқандарға зор жауапкер-шілік жүктейді. Биылғы толассыз жауын-шашын да орақ барысына өзінің кері әсерін тигізіп отыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, бүгінгі таңда өңірі-мізде 2,8 млн. гектар дәнді дақыл алқабының 658,1 мың гектары орылған. Сонымен қатар шаруалар 960,9 мың тонна астық бастырды. Гектар бере-келігі 14,6 центнерден айналуда.
– Бұдан бөлек, 970 мың гектар алқапқа егілген майлы дақылдардың 23,2 пайызы, яғни 225 мың гектары жиналды. Нәтижесінде 63,2 мың тонна өнім бастырылды. Әр гектардан орта есеппен 7,5 центнерден өнім алынуда. Астық жинау бойынша әзірге барлық аудандар бір деңгейде келеді. Жауған жаңбырдың салдарынан кей күндері ди-қандардың техникалары қаңтарулы тұрып қалады. Бұл жағдай көрші Ақмола және Қостанай облыс-тарында да бар, – дейді басқарма басшысының орынбасары Қуандық Шақұбаев.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,  “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp