«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКТЕБІ ЖАҚСЫ ЕЛДІҢ — ЕРТЕҢІ НҰРЛЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде ұстаздар қауымының алдында тұрған басты міндет – бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Осы бағытты ұстанатын дарынды балаларға мамандандырылған “ЛОРД” интернат-лицейі 25 жылдан астам уақыт ішінде жоғары көрсеткішке ие алдыңғы қатарлы білім ордасына айналды. Биылғы тамыз кеңесінде “Орта білім беретін үздік ұйым” атауын жеңіп алғанымызды қолға алынған осы жаңашылдықтар мен мектебіміздің педагогикалық ұжымының тынбай еңбектенгенінің нәтижесі деп білеміз.

Жоғары оқу орындарына түсуге арналған ҰБТ нәтижесі бойынша “Қазақстан Республика­сының 100 үздік мектебі” тізіміне енгеніміз біз үшін үлкен жетістік. Ширек ғасыр ішінде мектепте 564 жас білім алып, үлкен өмірге түлеп ұшты. Түлектеріміздің 40 пайыздан астамы елімізде және АҚШ, Канада, Германия, Австрия сияқты мемлекеттерде ғылым са­ласында табысты қызмет етуде.
Былтыр мектебіміздің 25 жыл­дық жұмысын қорытындылап, мерейтойын атап өттік. Осы жыл­дар ішіндегі түлектері­міздің жетіс­тіктеріне тоқталып өтсем деймін. Лицейдің оқушы­лары халықара­лық олимпиада­лар мен ғылыми жоба байқаула­рынан 39 медаль, республикалық олимпиадалар­дан 75 медаль, облыстық пән олимпиадалары­нан 337 жүлделі орын жеңіп алды. 2012-2013 жылдары республика­лық олим­пиа­да­ларда жоғары жетістіктерге қол жеткізгеніміз үшін “Ең үздік олимпиадалық мек­теп” атағы берілсе, облыстық олимпиада­ның нәтижесі бойын­ша “Ең үздік олимпиадалық команда” атан­дық. Жыл сайынғы Ұлттық бірың­ғай тестілеу нәтиже­лері де мақ­тануға тұрарлық. Ин­нова­циялық үлгідегі ең үздік мек­тептердің қатарынан көрініп келеміз.
Мектебіміз, ең алдымен, жо­ғары білікті педагогикалық ұжым­мен мақтана алады. Олардың бірқатары дарынды балалармен және жастармен жұмыс істеуге қатысты әлеуметтік-пе­да­­го­­­ги­калық жобалар фестивальдарында жеңімпаз атанса, республикалық “Үздік авторлық бағдарлама”, фи­зика, математика, информа­тика пәндері мұғалімдері арасын­дағы халықаралық байқауларда ал­дың­ғы қатардан көрінген тәжіри­белі мамандарымыз да бар. Мұн­дағы педагогтардың 27 пайызы­ның екі жоғары білімі болса, 14 па­йызы магистр, ал 81 пайызы жо­ғары және бірінші санаттағы ұс­таздар екенін де айта кеткен жөн.
Лицейде 2014 жылдан бері қашықтан оқытатын электронды жүйе іске қосылды. Информатика пәнінің мұғалімі Иван Грызов әзірлеген бұл жүйе барша оқушы­лар мен ұстаздарға көмегін тигізу­де. Ондағы онлайн тестер мен жиынтық бағалау тапсырмалары әрбір оқу пәнінің мақсатына қарай арнайы дайындалған. Мұғалім­дер жүйеге тапсырмаларды енгі­зеді. Оқушы бұл материалдар арқылы жиынтық бағалауға даяр­ланады. Жүйе арқылы тестілеу­дің нәтиже­ле­рі шығып, мұғалім­дер оны “Күн­делік” электронды жур­налына енгізеді. Яғни, бұл жүйе ұстаз­дарымызды қағазбас­ты­­лықтан арылтты десек те болады.
Негізгі пәндерді ағылшын тілін­де оқыту тәжірибесі қолға алынған 29 мектептің қатарына кіргенімізге он жылдан асты. Қа­зіргі таңда оқушыларымыз фи­зика, биология, информатика пән­дерін ағылшын тілінде меңгеру­де. Бес педагог маман “USTAZ Professional Learning Centre” жауапкершілігі шектеулі серіктес­тігінде, “Назарбаев университеті” және “Өрлеу БАҰО” акционерлік қоғамдарында қайта даярлау курстарынан өтті.
Бүгінде білім беру жүйесінің алдында балалар мен жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырып, бұл үшін оқыту үрдісіне тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу міндеті қойылып отыр. Бұл бағытта біз жергілікті кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің ісі жөніндегі инспекциямен, бала­ларға қосымша білім беру, мәде­ниет, дене шынықтыру және спорт, тағы басқа ұйымдармен бір­лесіп жұмыс істейміз.
Біз қоғамда орын алып жатқан жайттарға бейжай қарамайтын, үн қосатын белсенді азаматтарды тәрбиелеуді мектеп қабырғасы­нан бастауға тиіспіз. Жастардың көшбасшылық қабілеттерін де осы кезден қалыптастырған жөн. Сондықтан мектепте биылдан бастап көшбасшылық пәні оқыты­ла бастады. Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап білім ордасында “TEDx LORD” клубы өз жұмысын бастады. Жобаның басты мақсаты – оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін қа­лып­тастырып, пікірлерін ашық жеткізуге дағдыландыру. Клубта оқушылар үш тілде қоғамдық дә­ріс­­тер тыңдайды. Ғылым, өнер, дизайн, саясат, мәдениет, бизнес, тағы басқа тақырыптар қамты­луда. Клуб мүшелері әр тақырып­ты талқылап, “TED” форматында баяндама әзірлейді.
Өткен оқу жылында “Бонус. ЛОРД” рейтингтік жүйесі іске қосылды. Яғни, оқушылардың академиялық, шығармашылық жұ­мыстарының қорытындысы шы­ға­рылып, осыған орай әр сынып­тың жетістігі бағаланады. Сынып жетекшілері белсенді балалар­мен, пән бойынша мұғалімдер­мен, медициналық қызметкер­лер­мен, психолог маманмен бір­ле­сіп, оқушыларға электронды түр­де бонус жүктей алады. Ең көп бонус жинаған оқушыны ынта­лан­дыру мақсатында марапат­тай­­мыз. Ал оқу жылының қоры­тын­дысында үздік нәтиже көр­сеткен сынып “Туған ел” экскур­сиясына қатысып, басқа өңірлер­ге барады.

Гүлжан ЖАҚАНОВА,
дарынды балаларға мамандандырылған “ЛОРД” интернат-лицейінің директоры.

СУРЕТТЕ: мектеп директоры Г.Жақанова оқушылар арасын­да.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp