Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес ел тұрғындарының 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салықтары бойынша өсімпұлдары кешіріледі. Жуырда өсімпұл сомасын есептен шығару ережелері қолданысқа енгізілді. Салықтық рақымшылық жыл соңына дейін жалғасатын болады.
Қазіргі уақытта 21 мыңнан астам солтүстікқазақстандықтың 449,2 млн. теңге қарызы бар. Оның 340,9 млн. теңгесі негізгі қарыз болса, өсімпұл көлемі – 108,3 млн. теңгені құрайды. Бюджетке берешек жеке тұлғалардың дені көлік салығын уақтылы төлемеген автокөлік иелері. Олардың жалпы қарызы – 416,8 млн. теңге. Алайда, өсімпұлды есептен шығару үшін алдымен негізгі борышты өтеу қажет. Бұл – негізгі және жалғыз талап. Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер органдары күн сайын салық төлеушілердің жеке шоттарына мониторинг жүргізуде. Олар негізгі қарызды төлеген жағдайда 3 жұмыс күні ішінде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарылады.
Жаңыл ҚАБДӨШЕВА,
облыстық мемлекеттік
кірістер департаментінің
түсіндіру жұмысы
басқармасының бас маманы.