«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес ел тұрғындарының 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салықтары бойынша өсімпұлдары кешіріледі. Жуырда өсімпұл сомасын есептен шығару ережелері қолданысқа енгізілді. Салықтық рақымшылық жыл соңына дейін жалғасатын болады. 

Қазіргі уақытта 21 мыңнан астам солтүстікқазақстандық­тың 449,2 млн. теңге қарызы бар. Оның 340,9 млн. теңгесі негізгі қарыз болса, өсімпұл көлемі – 108,3 млн. теңгені құрайды. Бюджетке берешек жеке тұлғалардың дені көлік салығын уақтылы төлемеген автокөлік иелері. Олардың жалпы қарызы – 416,8 млн. теңге. Алайда, өсімпұлды есептен шығару үшін алдымен негізгі борышты өтеу қажет. Бұл – негізгі және жалғыз талап. Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер органдары күн сайын салық төлеушілердің жеке шоттарына мониторинг жүргізуде. Олар негізгі қарызды төлеген жағдайда 3 жұмыс күні ішінде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарылады.

Жаңыл ҚАБДӨШЕВА,
облыстық мемлекеттік

кірістер департаментінің
түсіндіру жұмысы

басқармасының бас маманы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp