«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫЙАҚЫ – 858 МЫҢ ТЕҢГЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жемқорлық фак­тілері туралы хабарлағандарға жыл басынан бері 858 мың теңге сыйақы берілді. Облыстық сы­байлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметін­ше, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қол­да­ну туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, құқық бұзушылық туралы ха­барлаған адамға ақшалай сыйақы тө­ленеді.

Қазіргі таңда агенттік халықаралық тәжірибені ес­кере отырып, сыбайлас жемқорлық фактілері тура­лы хабарлағандарға сыйақы берудің сараланған жү­йе­сін енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Мәселен, пара сомасы 2,5 млн. теңге мен 10 млн. теңге ара­лығында болса, хабарлаған адамға оның 10 пайызы берілмек.
Облыста тамыз айының соңында екі мемлекеттік қыз­метші парамен ұсталды. Тимирязев аудандық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімшесі әкімшілік ғимаратын сүруге жол бермеу үшін 200 мың теңге сұрап, соның 100 мыңын алу кезінде ауылдық округ әкімі ұсталды. Сондай-ақ, Шал ақын ауданы­ның ветеринария бөлімінің басшысы да 100 мың теңге пара алғаны үшін қолға түсті. Екі мемлекеттік қызметші де өз кінәларын толығымен мойындады. Тергеу амал­дары жүргізілуде.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp