«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРЖЫ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Өңір тұрғындарына елу екі мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында денсаулық сақтау мекемелері әлеуметтік сақтандыру қорымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа отырған. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары тұрғындарға көрсетілетін тегін медициналық көмектің сапасына бақылау жүргізеді. Жекеменшік және мемлекеттік медициналық мекемелер науқастарға қызмет көрсетуде диагностикалау мен емдеу талаптарын бірдей ұстануы тиіс. Алайда, өткен жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан медициналық қызмет көрсетуде жеті мыңнан астам кемшілік анықталды. Соның ішінде науқастарға кеңес беру мен диагностикалаудан өткізуде, ауыл тұрғындарына стационарлық көмек көрсетуде кемшіліктер бар.

– Амбулаторлық-емханалық көмек мониторингін жүргізу кезінде медициналық ұйымдардың бірінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына жатпайтын науқастарға стоматологиялық көмек көрсетілгені анықталды. Сараптама жүргізу кезінде диагностикалау санын шамадан тыс тағайындау мен көрсетілген қызметтер көлемін арттыру жағдайлары тіркелді, – деді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы Ольга Полянская.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша медициналық қызмет көрсету кезінде анықталған бұзушылықтар үшін аталмыш қор филиалы медициналық ұйымдарды қаржыландыру көлемін 59,6 миллион теңгеге қысқартты. Бұл қаржының бір бөлігі, яғни 39,9 млн. теңге медициналық көмектің басым түрлеріне бағытталды.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,
“Soltústik Qazaqstan”.

Сурет http://med-kz.ucoz.com сайтынан алынды. 

  

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp