«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІПТІ АУРУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Туберкулез – жұқпалы инфекциялық ауру. Қауіпті бактерия адамға ауа арқылы жұғады. Сонымен қатар науқаспен ұзақ және жиі байланыста болғанда сырқат жұқтыру қаупі артады. Жөтелу, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тершеңдік, тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалту, қан түкіру мен өзге де жағдайлар туберкулездің басты белгісі саналады. 

Аурудың алдын алу мақсатында балаларға туберкулезге қарсы екпе егу және сауықтыру іс-шараларын жүргізу маңызды. Елімізде жыл сайын қыркүйек айында мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге екпе егу науқаны жүреді. Ол үшін алдымен манту сынамасы қойылады. Сынама нәтижесі 72 сағаттан кейін белгілі болады. Екпеден соң орны қабыршықтанып, тыртық пайда болады. Бұл – қалыпты реакция, сондықтан екпенің орнын ешқандай дәрілік заттармен өңдеудің қажеті жоқ.

Нұргүл МОЛДАҒАЛИЕВА,

облыстық тауарлар мен

көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін

бақылау департаментінің

жетекші маманы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp