Пиреней түбегінде өтіп жатқан “Вуэльта” велокөпкүндігінің 16 кезеңі “Astana Pro Team” клубының өкілі, даниялық велошабандоз Якоб Фульсангтың жеңісімен аяқталды.
Қазақстандық спортшы 144,4 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 1 минут және 22 секундта бағындырды. Бұл оның “Гранд-тур” санатына енетін жарыстардағы алғашқы жеңісі. Даниялық спортшы мәреге өзінің басты бәсекелесі – ұлыбританиялық Тео Гэйган Харттан (”Team INEOS”) 22 секундқа бұрын жетті. Үшінші орынды “Астананың” тағы бір өкілі – испаниялық Луис Леон Санчес иеленді.
Жалпы есепте Словенияның сайыпқыраны Примож Роглич (”“Team Jumbo-Visma”) көш бастап тұр. Екінші және үшінші орынды Испанияның қос саңлағы – Алехандро Вальверде (”Movistar”) мен Тадея Пагачара (”UAE-Team Emirates”) еншілеуде. Ал “Astana Pro Team” велошабандоздары арасында ең үздік нәтиже колумбиялық Мигель Анхель Лопеске тиесілі. Әзірге ол төртінші орында.
Сурет https://velolive.com алынды.