Облыс полицейлері елді мекендерді абаттандыру, тазалық және тәртіп сақтау жұмыстарына айрықша мән береді.
Жыл басынан бері абаттандыру талаптарын бұзуға қатысты 2440 бұзушылық тіркеліп, 121 тұрғынға айыппұл салынды. Олар қаланың инфрақұрылымын бұзып, аумақты уақтылы тазаламағанымен қоймай, жөндеу жұмыстары барысында жиналған қоқысты және қарды тазалап-төгудің орнына, бір орынға жинаған.
Сонымен қатар белгіленбеген жерде хабарландыру жапсырып, нөсерлі кәрізге лас суды төгіп, үгітілетін материалды тасымалдау кезінде талап сақтамайтындар да тәртіп сақшыларының назарында.