«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДАУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru


 

Облыстық прокуратурада ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қатысты. 

Облыс прокуратура аппаратының басшысы Шолпан Əбдрахманова ведомствоның жұмысы жайлы баяндап, Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау бағытындағы жоспарларымен бөлісті.

Баяндамашының айтуынша, биыл жеке жəне заңды тұлғалардан 19 мың өтініш түскен. Соның 2 мыңға жуығы еңбек ету құқығын бұзуға қатысты болып табылады. Ауылдық жердегі азаматтар жұмысынан шығып қалудан қорыққандандықтан көп жағдайда мұндай фактілерді жасыруға мәжбүр. Осы мәселені шешу бағытында облыстық прокуратура “Заң жəне еңбек” жобасын қолға алады.

Ал “Nur Otan” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Əсем Рахметова, ең алдымен, Жолдауды тұрғындарға түсіндірудің аса маңызды екенін айтты. Сонымен қатар азаматтарды қабылдау, олардың мəселелерін ескеріп, шешу мақсатындағы партия филиалының жұмысымен таныстырды. Президент Жолдауында осы жайтқа ерекше назар аударылған. Қолға алынған жобалардың аясында тұрғындармен кері байланыс орнатылуда.

Жиын барысында маңызды құжаттағы басқа да мәселелер әңгіме өзегіне айналды. Бұл жөнінде газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp