«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОН ЕКІ АДАМ СУҒА КЕТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Өңірімізде биыл өзен-көлдерде он екі адам суға батып кетті. Оның ішінде алтауы суға шомылу кезінде, үш адам балық аулау барысында және осыншасы жазатайым оқиғалар салдарынан мерт болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Мұрат Қанғожиновтің айтуына қарағанда, суға шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қажетті іс-шараларды ұйымдастырыпты. Демалу орындарында, сондай-ақ жағажайларда 50 бекет құрылып, қоғамдық 90 құтқарушы тартылды. Шомылуға тыйым салынған жерлерге арнайы белгілер, көрнекі стендтер орнатылған. Сондай-ақ мектептерде жоспардан тыс 100-ге жуық ата-аналар жиналысы өткізілді. 

–Құтқарушылар тарапынан алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізілсе де, суға шомылушылар тарапынан сақтық шаралары сақталмайды. 1 маусымнан 31 тамызға дейін 24 адам құтқарылса, оның 16-сы кәмелеттік жасқа толмаған балалар, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Мұрат Қанғожинов.

Шомылу маусымы барысында қоғамдық орындарда болу ережесін бұзған 233 адамға 2 млн. 941 мың теңгенің айыппұлы салынған. Тағы 163 адам “Жалпы су пайдалану ережелерін бұзу” бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Сурет https://osken-onir.kz сайтынан алынды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp