«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.09.2019

“БЕЙБАРЫС” “ҚҰЛАГЕРДЕН” БАСЫМ ТҮСТІ

  Кеше облыс орталығындағы Спорт сарайында жергілікті “Құлагер” хоккей клубы Атырау қаласының “Бейбарыс” командасымен кездесті.  Тартысты өткен ойын барысында петропавлдық спортшылардың шайбаны қақпаға дарытып, гол соғуға қаншама мүмкіндіктері болғанымен, олар мұны жүзеге асыра алмады. Осылайша кездесудің негізгі уақыты да тамамдалды. Овертаймда, яғни, ойынға арналған қосымша уақыттың ішінде атыраулық клубтың шабуылшысы Константин Куликов оңтайлы сәтті пайдаланып, …

“БЕЙБАРЫС” “ҚҰЛАГЕРДЕН” БАСЫМ ТҮСТІ Read More »

ҮШ КӨЛІК ӨРТЕНДІ

  11 қыркүйек күні сағат 14.10-да облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру қызметінің «101» телефон нөміріне Петропавл қаласының Пугачев 41 «г» көшесінде «Мерседес» маркалы жеңіл автокөліктің өртенгені туралы хабар түсті.  №1 және 4-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің кезекші күзет қызметкерлері оқиға орнына бірден жұмылдырылып, келді. Құтқарушылар жеткен кезде «Мерседес», «Мазда» және «Тойота» маркалы үш …

ҮШ КӨЛІК ӨРТЕНДІ Read More »

СЕГІЗІНШІ КЕЗДЕСУ

  Сенбі күні Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) америкалық боксшы Ричард Хикспен (12-0-1, 6 КО) жұдырықтасады.  Бокс кеші АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әйгілі “Madison Square Garden” аренасында он раундтық форматта өтеді. Бұл қазақстандық былғары қолғап шеберінің кәсіпқой бокстағы сегізінші кездесуі болмақ.  Жекпе-жекті 14 қыркүйек күні таңғы сағат 6-да “Хабар” телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.  

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ДОП ТЕПТІ

  Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаев қаласында азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті.  “Батыр Баян” спорт кешенінің стадионында өткен сайыстың қорытындысында жергілікті №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жеңімпаз атанды. Мамлютка қаласының өрт сөндірушілері екінші орынды иеленсе, Есіл ауданының құтқарушылары үздік үштікті түйіндеді.  Жарыс жүлдегерлері грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.    

43 ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛЕДІ

  Үстіміздегі жылы Петропавл қаласына іргелес қонған Қызылжар ауданына оңтүстік өңірлер мен Нұр-Сұлтан қаласынан 43 отбасы көшіп келуге ниетті.  Жаңа баспананың кілті ұсынылатын 39 отбасы 10 ауылға қоныстанатын болады. Оларға 5 жылға жалға берілген тұрғын үйді кейін жеке меншікке рәсімдеп алу құқығы қарастырылған. Архангелка елді мекенінде 3 үй тұрғызылып, құрылысы аяқталуға жақын. Бөлмелер кең үйлердің …

43 ОТБАСЫ КӨШІП КЕЛЕДІ Read More »

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖҮГЕНДЕУ КЕРЕК

  Соңғы үш жылда ел бойынша білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 433 факті тіркелді. Олардың 125-і – үстіміздегі жылда орын алған заң бұзушылықтар. Бұл мәселе “Nur Otan” партиясының облыстық филиалында өткен кезекті жиында көтерілді.  Аталған қылмыстардың салдарынан мемлекетке 716 млн. теңге шығын келтірілсе, бүгінге дейін соның 350 млн. теңгесі ғана қайтарылды. Заң бұзушылардың дені …

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖҮГЕНДЕУ КЕРЕК Read More »

ӘСЕРЛІ КЕШ

  Оқушылар сарайында Қазақстан халқы тілдерінің 21-інші фестивалі аясында мерекелік концерт өтті.  Бұл шарада вокалдық топтар мен би ұжымдары өнер көрсетті. Түрлі этнос өкілдерінің әсем әнін шырқап, биін билеген өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік концертке қатысқан жас өнерпаз Ділнәз Смайылованың өнеріне көрермендер тәнті болды. Бүгінде ол “Балауса” ансамблінің құрамында өнер көрсетіп жүр. Қазақ халқының …

ӘСЕРЛІ КЕШ Read More »

ТАЛАБЫ ТАУДАЙ

Домбыраның үніне селт етпейтін қазақ жоқ-ау, сірә. Оның қоңыр сазы сан құбылып, қос шекті ас­пап бірде қатты, бірде баяу шертілді. Құрманғазының “Адай” күйін тыңдарманның жүрегіне жет­кізе алған Әлішер Жігеров сын­ды жас күйшінің өнеріне қа­лайша риза болмайсың?!

ЭКСПЕДИЦИЯДАН ОРАЛДЫ

Жазда М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан мемлекеттік универ­си­тетінің белсенді студенттері – Нұр­сейіт Әбдіразақов пен Роман Гиричев Аркти­кадағы Велькинский аралына экспеди­цияға барып, ол жерді қоқыс­тан тазар­ту­ға атсалысты. Сту­денттер жақында сапар­ға алып барған білім оша­ғының жалауы мен естелік суреттерін университеттің мұ­ражайына табыс­тады.

СӨЗ ҚАДІРІН ТҮСІНУ – АСЫЛ ҚАСИЕТ

Қоғамдағы кез келген құбылыс немесе оқиғаға қатысты әр азаматтың жеке пікірі болады. Ол үшін пікірталас мәдениетін меңгеру аса маңызды. Бүгінгі таңда пікірталас өскелең ұрпақты көшбасшылыққа баулудың бір құралы ретінде қарастырылуда. “Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі – қолбасшылық, екіншісі – шешендік”, – деп ұлы шешен-ділмар Марк Туллий Цицерон айтқандай, жеке пікірді жеткізе білудің …

СӨЗ ҚАДІРІН ТҮСІНУ – АСЫЛ ҚАСИЕТ Read More »

ТЕГІН КУРС

    Петропавл қаласындағы тілдерді оқыту орталығында латын әліпбиіне үйрететін курстар жұмыс істей бастады. Дәрістер аптасына екі рет өткізіледі.  Қатысушылардың алғашқы легі – мұғалімдер. – Орталықтың әдіскерлері Нұр–Сұлтан қаласында өткен арнайы курстарға қатысып, біліктіліктерін арттырып, тәжірибе жинап қайтты. Сонымен қатар біздің мекеменің мұрындық болуымен дәріс тыңдаушыларды латын әліпбиіне машықтандыратын қысқа мерзімді курстар да ұйымдастырылғанын айта …

ТЕГІН КУРС Read More »

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙНЕБАЯН ЖАРЫҚ КӨРДІ

  Петропавл қаласының тұрғыны Ксения Шембергер “THE DOLL” атты бейнебаянын жарыққа шығарды. Өнер иесі осындай әдіспен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсылығын білдіруді жөн санаған. Туындыны түсіруге психологтар мен Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актерлері қолдау көрсетіпті.    Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, елімізде әр оныншы әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды екен. Алайда, көпшілігі іштен тынып, құпия сақтайды. …

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙНЕБАЯН ЖАРЫҚ КӨРДІ Read More »

ЕРІКТІЛЕРДІҢ КӨМЕГІ КӨП

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстан­ның тұрақтылығы мен өркен­деуінің негізі” атты Жолда­уын­да: “2020 жыл “Волонтер жылы” деп жариялады. Ерік­тілер қызметіне азаматтар­дың, әсіресе, жастардың, сту­денттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейту, олар­дың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағ­ды қалыптастыру – маңызды міндет”, – деген болатын. Өңі­ріміздің ерікті жастары соңғы жылдары белсенділік таны­тып, әртүрлі шараларда …

ЕРІКТІЛЕРДІҢ КӨМЕГІ КӨП Read More »

МЫСЫҚ НЕГЕ ТАМАҚ ІШКЕН СОҢ ЖУЫНАДЫ?

    Күндердің күнінде бір торғай ұшып келіп, шаруаның қорасына қонады да, шашылған дәндерді теріп жей бастайды.  Мұны көрген мысық бір мүйістің тасасында тұрып ториды. Аңдып отырып, секіріп барып, торғайды бас салып, қанатынан қапсыра тістеп тұрып: – Енді бір жақсылап тоятын болдым! – дейді. – Ей, мысық мырза, ұялсаңшы! Жуынғанды ұмытып барасыз ғой өзі! Өзіңіздің …

МЫСЫҚ НЕГЕ ТАМАҚ ІШКЕН СОҢ ЖУЫНАДЫ? Read More »

КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ТІРКЕЛ!

Елімізде мемлекеттік қызметтің бар­лық дең­гейіне жас басқарушыларды тарту үшін Президенттік жастар кадрлық резерві қалыптастырылмақ. 1 қыркүйек күні резервке үміткерлердің өтінішін қабылдау үшін “PKRezerv.kz” арнайы сайты жұмысын бастады.

ТҮЛКІ МЕН ҚОРАЗ

  Ерте, ерте, ертеде бір кәрі қораз шаңқай түсте шалқалап тұрып шақырыпты. Біраз уақыт өткеннен кейін қасында қасынып тұрған бала қораз көні кепкен ішкіштің жөтелгеніндей түптен тартып кеңірдектеп шақырыпты. Қалта сағатына қарап тұрған түлкі: “Кәрісі тұп-тура 1-де, жасы 1-ден он бес минут өткенде шақырды. Барып біреуін жеп келейін”, – деп жүгіріп келеді.  – “Мезгілсіз шақырған …

ТҮЛКІ МЕН ҚОРАЗ Read More »

ТАҒДЫРЫМА ӨКПЕЛЕМЕЙМІН

Сынаққа толы өмірде сағы сынған жандар аз емес қой. Бірақ қиындықтарға мойынсұнбаған жігерлі адамдарды көргенде, өзгелер олардың тағдырынан тағылым алса екен дейсің. Қаншама тәлкекке түссе де қажымаған, қайраты мұқалмаған Қасым Түсіпбаевтың (аты-жөні өзгертілді) оқырмандарымызға айтары бар.

БОРЫШЫ КЕШІРІЛМЕГЕНДЕР НЕ ІСТЕЙДІ?

Тамыз айында өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтардың борыш жүктемесін азайтып, оларға уақтылы көмек көрсету мақсатында борышы кешірілетін адамдардың алты санаты айқындалған болатын. Соған сай 15 шілдеде Үкіметтің қаулысы жариялады. Бүгінгі күні борыштарын мемлекет жауып берген кей азаматтар қуанып жатса, кейбір шын мұқтаждардың қарызы сол күйінде қалып отырған сыңайлы.

ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ БАРДЫ

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға барып, шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарымен кездесті. Үш мыңнан астам тұрғыны бар жеті елді мекеннің басын біріктіріп отырған Чистопол ауылдық округiнде өткен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттары мен облыстағы криминогендік жағдай әңгіме өзегіне айналды. Облыстық полиция …

ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ БАРДЫ Read More »

ӘҢГІМЕ АУЫЛ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ

Қазақ ауылдарының кәзіргі бейнесі революцияға дейінгіден мүлде өзгеше. Әрине, бұдан ауыл мәдениеті өзінің даму, өрлеу, өркендеу жолында шығар шыңына жетіп болды деген ұғым тумасқа керек. Шынында, біздің ауыл өмірінде мәдени тұрмысында әлі де болса шешуді қажет ететін мәселелер көп. Бұл мақалада біз осы мәселелердің бірқатарына және сол мәселелерді шешуге интеллигенттер атқара аларлық міндетке тоқталмақпыз. Ең …

ӘҢГІМЕ АУЫЛ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ Read More »