«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ — МЕНШІКТІ ТІЛШІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізге танымал журналист, жазушы Жақсыбай Самрат “Egemen Qazaqstan” газетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі қызметіне кірісті. Бұған дейін ол еліміздің бас газетінде шолушы болған. Журналистикадағы алғашқы қадамын жергілікті “Qyzyljar” телеарнасында тілшіліктен бастаған жерлесіміз “Egemen Qazaqstan”-ға ауысқаннан кейін қалам қарымын танытып, шын жүйріктердің қатарына қосылған еді. Оның сан алуан тақырыпта жазған мақалалары әр кез оқырмандар тарапынан оң бағасын алуда.

Жақсыбай Самрат Есіл ауданындағы Тауағаш ауылының тумасы. “Бітеу жара”, “Өзгеленді бұл ғалам”, “Абылайдың ақ үйі”, “Күзде гүлдеген алмалар” және тағы басқа да кітаптардың авторы. Ол Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Президентінің грантымен (2011 ж.) марапатталған, Есіл ауданының құрметті азаматы.
Әріптесімізге жаңа қызметте шығармашылық табыс тілейміз.

“Қызылжар-Ақпарат” ЖШС-нің ұжымы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp