Кеше облыс орталығындағы Спорт сарайында жергілікті “Құлагер” хоккей клубы Атырау қаласының “Бейбарыс” командасымен кездесті.
Тартысты өткен ойын барысында петропавлдық спортшылардың шайбаны қақпаға дарытып, гол соғуға қаншама мүмкіндіктері болғанымен, олар мұны жүзеге асыра алмады. Осылайша кездесудің негізгі уақыты да тамамдалды.
Овертаймда, яғни, ойынға арналған қосымша уақыттың ішінде атыраулық клубтың шабуылшысы Константин Куликов оңтайлы сәтті пайдаланып, құлагерлік қақпашыны қапы қалдырды.
Кездесудің қорытындысы бойынша дода 0:1 есебімен аяқталды. Енді Олег Гущин жетекшілік ететін команданың хоккейшілері келесі ойындарды 15 және 16 қыркүйек күндері Алматыда өткізетін болады.
Сурет https://arhivurokov.ru сайтынан алынды.