«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРІКТІЛЕРДІҢ КӨМЕГІ КӨП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстан­ның тұрақтылығы мен өркен­деуінің негізі” атты Жолда­уын­да: “2020 жыл “Волонтер жылы” деп жариялады. Ерік­тілер қызметіне азаматтар­дың, әсіресе, жастардың, сту­денттер мен оқушылардың қатысу аясын кеңейту, олар­дың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағ­ды қалыптастыру – маңызды міндет”, – деген болатын. Өңі­ріміздің ерікті жастары соңғы жылдары белсенділік таны­тып, әртүрлі шараларда төбе көрсетіп жүргенін мақтаныш­пен айтуға болады.

Еріктілердің елге пайдалы жұ­мыс­пен өз еркімен әрі еңбекақы та­лап етпей айналысатыны белгілі. Жастардың қоғамға осылайша сеп­тігін тигізуі – мақтауға тұрарлық іс. Облыстық жастар ресурстық орта­лығының жанынан ашылған ерікті­лер клубының құрамында қазіргі таң­да 250-ден астам студент пен жұмысшы жас бар. Солтүстікқа­зақ­стандық еріктілер соңғы үш жыл­да бірқатар шараның абыроймен өтуіне атсалысты. Мәселен, 2017 жылы елордада халықаралық “ЭКСПО – 2017” көрмесі өтті. Маңызды шараға ел­дің түкпір-түкпірінен еріктілер жұмыл­дырылды. Қазақстанды әлем­ге әйгілеген жаһандық көрмеге қа­тысу әрбір жастың арманы болға­ны сөзсіз. Өңірімізден елордаға жүз­ден астам ерікті жіберілген еді. Ел мәртебесін бұрынғыдан да биік­тете түскен көрмеге қазақ және шет тілдерін білетін жастар ғана ірік­телді. Шараға әлемнің көптеген елі­нен туристер келіп, еріктілерге со­лармен тіл табысу, оларға ба­ғыт-бағдар беру міндеттері жүктелді. Жалпы, бұл шара еліміздегі еріктілер қозғалысының дамуына жаңа серпін берді.
Ерікті болу – үлкен тәжірибе. Былтыр өңір еріктілері Петропавл қа­ласында Қазақстан мен Ре­сейдің XV өңіраралық ынтымақ­тастық форумының өтуіне көмектес­ті. Президенттердің қатысуымен өткен шара қонақтарын қарсы алуға 200-ден астам ерікті жұмыл­дырылды. Сондай-ақ, Алматыда ұйымдастырылған қысқы Универ­сиада, Петропавл қаласында өт­кен “Дельфий” ойындарында және футболдан “Er Janibek cup” халықара­лық турнирінде тәжірибе жи­нақ­таған еріктілер де бар. Бұл ша­раларда ағылшын, түрік және фран­цуз тілдерін жетік меңгерген жер­лестеріміз өздерінің көмегін аямады.
Бүгіндері қалалық, облыстық, рес­публикалық деңгейдегі шара­лар­дың өтуін еріктілерсіз елестету қиын. Өйткені, олар өз мін­дет­терін атқаруда жауапсыздық та­нытса, шараның тиісті дәрежеде өтуі екіталай. Биыл маусым айы­ның соңында өңіріміздің еріктілер тобы Бурабайда өткен республи­калық жас мемлекеттік қызметші­лердің форумына қатысты. Оларға жан-жақтан келген делегаттарға жайлы жағдай жасау жүктелді. Ал тамыз айының соңында бізге “Jаstаr kerýenі” республикалық жо­басына қатысу бақыты бұйырды. Шараға еліміздің әр өңірінен 900-ге жуық жас қатысса, өңірімізден 30 ерікті таңдалды. Біз үшін еліміздің кие­лі жерлерімен танысуға мүмкіндік туды. Осылайша, Алматы облысының киелі жерлерін аралап, Шарын шатқалына және Төменгі Көлсай көлінің жа­ғасына барып, көркем табиғатта де­малдық.
Мен еріктілердің қатарына қо­сылғаныма қуаныштымын. Үздік болу үшін жан-жақты жетілу үстін­де­мін. Мәселен, адамдармен тез тіл табыса алу, сабырлылық, жауап­кершілік, көшбасшылық, кіші­пейіл­ділік сияқты асыл қасиеттер­ді бойыма сіңірдім. Көптеген ізгі ниетті адамдармен таныстым. Ал “Волонтер жылында” мүмкін­дік­тер­дің көкжиегі кеңейе түсері сөз­сіз.

Евгений СОЛОВЬЕВ,  ерікті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp