«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ТІРКЕЛ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде мемлекеттік қызметтің бар­лық дең­гейіне жас басқарушыларды тарту үшін Президенттік жастар кадрлық резерві қалыптастырылмақ. 1 қыркүйек күні резервке үміткерлердің өтінішін қабылдау үшін “PKRezerv.kz” арнайы сайты жұмысын бастады.

Комиссия мүшелерінің айтуынша, резерв­ке кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, 35 жасқа тол­­маған Қазақстан Республикасының жоға­ры білімді азаматы үміткер бола алады. Өті­ніш білдірушінің елде болуы шарт емес. Яғни, шетелдегі жастарымыздың да бағын сынауға мүмкіндігі бар.
Бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуде үміт­кер­лер алдымен тест тапсырып, эссе жазады. Бұл қатысушылардың ой-өрісін, жазу қабіле­тін, ақпаратты сараптай алуы мен жеке қа­сиет­терін бағалауға мүмкіндік береді. Алғаш­қы кезеңнен сүрінбей өткендер бейнежаз­ба­лар арқылы өз жобаларын қорғайды. Жоба­лардың әлеуметтік маңызы болуы шарт. Әр кезеңнің бағасы есепке алынып, үміткерге орташа ұпай қойылады. Озып шыққандармен эксперттік комиссия жеке кездесу өткізеді. Ең көп ұпай жинаған қатысушылардың канди­датурасы Президенттің жастар кадрлық ре­зер­ві Ұлттық комиссиясының отырысында белгілі болады.
– Президенттік жастар кадрлық резерві – жастар үшін тиімді әрі ашық әлеуметтік саты құруға мүмкіндік береді. Жас азаматтарға зор үміт артылып отыр. Олар алдағы реформа­лар­дың қозғаушы күші болуы керек. Прези­дент­тік жас­тар кадрлық резервіне іріктеу ереже­сі мен тәртібі Президент Жарлығымен реттеледі”, – дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова.
Конкурстың негізгі кезеңдері биыл­ғы қа­занда өтеді. Алғашқы тестілеу 12 қазанға бел­гіленген. Әр кезең тапсырмасының орындалу уақыты шектеулі. Жеке сұхбаттар қарашаның соңына жоспарланған. Ал Ұлттық комиссия­ның отырысы 25 жел­тоқсанда өтеді. Яғни, үздік жастар 2020 жылдан бастап жаңа қызметтеріне кірісе алмақ.
Президенттік жастар кадрлық резер­він іріктеудің ақпараттық жүйесін жасаушы Дана Жақыпова үміткерлердің тізімі мен олар ту­ралы ақпарат барлы­ғына ашық болатынын айтты. Тіпті, аза­маттарымыздың қатысушы ту­ралы пікір қалдыруға да мүмкіндігі болады.

Мұхтар ХАҚНАЗАР.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp