Күндердің күнінде бір торғай ұшып келіп, шаруаның қорасына қонады да, шашылған дәндерді теріп жей бастайды.
Мұны көрген мысық бір мүйістің тасасында тұрып ториды. Аңдып отырып, секіріп барып, торғайды бас салып, қанатынан қапсыра тістеп тұрып:
– Енді бір жақсылап тоятын болдым! – дейді.
– Ей, мысық мырза, ұялсаңшы! Жуынғанды ұмытып барасыз ғой өзі! Өзіңіздің қожайыныңыз да, оның әйелі де жуынғаннан кейін барып тамақ жейді, – дейді торғай.
– Оның да дұрыс екен-ау, – деп мысық жақсылап жуынып, сүртіну үшін алдыңғы аяғын тұмсығына апарады.
Сол кезде торғай ұзақ ойланып жатпай, жалт береді! Қанатын қағып, ұшады да кетеді! Мысық ыза болады.
Содан бері мысық тамақ жегеннен кейін ғана жуынатын болыпты.
Дайындаған
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА.
“Soltústik Qazaqstan”.
Сурет http://st.depositphotos.com сайтынан алынды.