«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РЕДАКЦИЯНЫҢ ХАТ ҚОРЖЫНЫНАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қиын сәтте қол ұшын созды

Адам баласы өмірде түрлі сы­нақ­тарды бастан кешетіні анық. Біреулер тұрмыстық қиын­дықтарға тап болып жат­са, енді бірінің шаңырағында қай­ғылы жағдай орын алады. Осын­дай сәтте айналаңдағы адам­дар қол ұшын созса, қандай ғани­бет?!

Адамдарды бауырмал болуға үн­деп, қайырымдылық жасауға шақыруда “Мектепке жол” акциясының рөлі зор. Қазір сауапты шара ая­сында мен сияқты көпбалалы неме­се жалғызбасты аналарға, жетім ба­лаларға көмек көрсетілуде.
Осыдан 8 жыл бұрын облыс ор­талығына Шал ақын ауданындағы Ыбыраев ауылынан көшіп келген едік. Бүгінгі таңда жұбайым – қа­ладағы білім ошақтарының бірінде қарапайым жұмысшы, мен бала кү­тімімен үйде отырмын. Күйеуім екеуміз 5 баланың ата-анасымыз. Екі ба­лам Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте білім алады. Биыл 5-сыныпта оқитын ұлым мен 3-сы­ныптағы қызыма мектепке қажет­ті құрал-жабдықтарды сатып алар кезде қаржыдан қысылдық. Бағымызға орай, Пет­ро­павл қалалық білім бөлімінің мамандары киім-кешек, оқу құралда­рын сатып әперді. Әр адам өз күнін өзі көріп, біреуден көмек күтпеуі қа­жет екенін жақсы түсінемін. Деген­мен, қайырымды жандардың қол­дап, көмек көрсеткені мені ғана емес, ұлым мен қызымды да қуа­нышқа бөледі. Жүрегі жомарт, ізгі ниетті жандарға деген алғысым шексіз.

Тәттігүл БИМАҚАНОВА, Петропавл қаласының тұрғыны.

Жауыр болған жол мәселесі

“Уәде беру – бір абырой, уәдені орындау – мың абырой” деген атадан қалған сөз бар. Бірақ уәденің салмағын сезіне алмай, сөздің қадірін қашырып жүрген басшылар аз емес. Бұған ауылдағы қордаланған мәселелердің уақтылы шешілмеуі себеп болып отыр.
“Жол азабын жүрген біледі” дегендей, бізді көп жылдан бері жөндеу көрмеген күре жолдың жағдайы алаңдатады. Тозығы жетіп, ой-шұңқыры көбейген “Бидайық – Жамбыл” жол учаскесі бірнеше жылдан бері жөндеу көрмей келеді. Аудан және округ әкімдерінің есепті кездесулерінде бұл мәселе бірнеше рет көтерілгеннен кейін үстіміздегі жылы 17 шақырым жолға қиыршықтас төселетін болып шешілген болатын. Аудан басшысы осылай деп уәдесін берді. Жол азабын көріп жүрген ауыл тұрғындары мұны естіп қуанған еді. Бірақ осы күнге дейін “баяғы жартас – сол жартас” күйінде қалуда.

Төлеубай ҚҰДАЙҚҰЛОВ. Өндіріс ауылының тұрғыны.
Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp