Петропавл қаласындағы тілдерді оқыту орталығында латын әліпбиіне үйрететін курстар жұмыс істей бастады. Дәрістер аптасына екі рет өткізіледі.
Қатысушылардың алғашқы легі – мұғалімдер.
– Орталықтың әдіскерлері Нұр–Сұлтан қаласында өткен арнайы курстарға қатысып, біліктіліктерін арттырып, тәжірибе жинап қайтты. Сонымен қатар біздің мекеменің мұрындық болуымен дәріс тыңдаушыларды латын әліпбиіне машықтандыратын қысқа мерзімді курстар да ұйымдастырылғанын айта кету қажет. Мамыр айында екі күндік семинар да өткізілді. Жалпы осы семинарларға 500-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ, тамызда орталықтың қызметкерлері әліпбидің аталмыш түрі бар клавиатураны тексерді, – дейді облыс орталығындағы тілдерді оқыту орталығының жетекішісі Үмітжан Шынтемірова.
Айта кетерлік жайт, бұл дәрістер тегін түрде жүргізіледі. Ал курс аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілетін болады.
http://petropavltv.kz,
Сурет surfingbird.com сайтынан алынды.