Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаев қаласында азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің арасында шағын футболдан облыстық турнир өтті.
“Батыр Баян” спорт кешенінің стадионында өткен сайыстың қорытындысында жергілікті №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жеңімпаз атанды. Мамлютка қаласының өрт сөндірушілері екінші орынды иеленсе, Есіл ауданының құтқарушылары үздік үштікті түйіндеді.
Жарыс жүлдегерлері грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.