11 қыркүйек күні сағат 14.10-да облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру қызметінің «101» телефон нөміріне Петропавл қаласының Пугачев 41 «г» көшесінде «Мерседес» маркалы жеңіл автокөліктің өртенгені туралы хабар түсті.
№1 және 4-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің кезекші күзет қызметкерлері оқиға орнына бірден жұмылдырылып, келді. Құтқарушылар жеткен кезде «Мерседес», «Мазда» және «Тойота» маркалы үш жеңіл автокөлік өртенген болатын.
Өртсөндірушілер қызыл жалынды сағат 14.41-де толығымен ауыздықтады. Тілсіз жаудың салдарынан «Мазда» және «Мерседес» маркалы автокөліктер өртенді. Ал «Тойота»-ның іші және оң жақ бөлігі зақымдалды.
Мамандардың айтуынша, оқыс оқиға электр құралдарын қолдану барысында өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан орын алды.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі
департаменті ішкі және
сыртқы коммуникациялар тобы,
Сурет http://sqo.emer.gov.kz сайтынан алынды.