«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙНЕБАЯН ЖАРЫҚ КӨРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Петропавл қаласының тұрғыны Ксения Шембергер “THE DOLL” атты бейнебаянын жарыққа шығарды. Өнер иесі осындай әдіспен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсылығын білдіруді жөн санаған. Туындыны түсіруге психологтар мен Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының актерлері қолдау көрсетіпті. 

 

Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, елімізде әр оныншы әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды екен. Алайда, көпшілігі іштен тынып, құпия сақтайды. Осы орайда Ксения Шембергер “Бас жарылса, бөрік ішінде” деген ойдың құрбаны болмай, бұл мәселеден шығар жолды іздеу керектігін айтады.

–Мен де зорлық-зомбылықты бастан өткердім. Сол себепті, мұның әйелдер үшін қаншалықты қорқынышты және ауыр екенін жақсы білемін. Бұл жағдайда жапа шегушілер өзіне деген сенімді жоғалтпауы керек, – дейді Ксения Шембергер.
Психолог Павел Моисеевтің айтуына қарағанда, бүгінде осындай әлеуметтік мәселелерді көтеретін роликтер жоқтың қасы. Осы орайда тың туынды халық арасында кең таралуы тиіс деген ойын білдірді.
Зорлық-зомбылық көптеген елдерде аса өзекті мәселе екені жасырын емес. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің көбі психологиялық көмек алуға дайын емес. Олар соттың әділдігіне сенбейді, не болмаса айтуға ұялып, өмір бойы көрген қорлығы жайлы тіс жармауы мүмкін. 

Сурет http://alashinform.kz сайтынан алынды. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp