Оқушылар сарайында Қазақстан халқы тілдерінің 21-інші фестивалі аясында мерекелік концерт өтті.
Бұл шарада вокалдық топтар мен би ұжымдары өнер көрсетті. Түрлі этнос өкілдерінің әсем әнін шырқап, биін билеген өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік концертке қатысқан жас өнерпаз Ділнәз Смайылованың өнеріне көрермендер тәнті болды. Бүгінде ол “Балауса” ансамблінің құрамында өнер көрсетіп жүр. Қазақ халқының ұлттық биін билеп, қошеметке бөленген Ділнәз бұл фестиваль өнер ұжымдары арасында достық қарым-қатынас қалыптастыруға негіз болғанын жеткізді. Тілдер фестивалі аясында өңірімізде осындай бірқатар мәдени кештерді өткізу көзделуде.
Сурет http://st2.depositphotos.com сайтынан алынды.