Үстіміздегі жылы Петропавл қаласына іргелес қонған Қызылжар ауданына оңтүстік өңірлер мен Нұр-Сұлтан қаласынан 43 отбасы көшіп келуге ниетті.
Жаңа баспананың кілті ұсынылатын 39 отбасы 10 ауылға қоныстанатын болады. Оларға 5 жылға жалға берілген тұрғын үйді кейін жеке меншікке рәсімдеп алу құқығы қарастырылған. Архангелка елді мекенінде 3 үй тұрғызылып, құрылысы аяқталуға жақын. Бөлмелер кең үйлердің жалпы аумағы 113 шаршы метрді құрайды.
– Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 187 адам келеді. Қазіргі уақытта төрт отбасы орналасты. Құрылыс жұмыстарына 14 серіктестік жұмылдырылуда, – дейді Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшыс Жанар Ақылбекова.
Бұл мақсатқа қазынадан 273 млн. теңге бөлінген. 11 үйді сатып алуға конкурс жарияланып, мемлекет меншігіне өткізіледі. Отбасының әр мүшесіне 88 мың теңге мөлшерінде бірреттік өтемақы төленеді. Бүгіндері ауданда 134 бос жұмыс орны бар.
Сурет http://sterlitamak.ru сайтынан алынды.