«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.09.2019

ЖАС ОРМАНШЫЛАР БАЙҚАУЫ

“Березка” облыстық балалар сауықтыру лагерінде өңіріміздегі мектеп орман шаруашылықтарының кезекті слет-байқауы өтті. Сегізінші мәрте ұйымдастырылып отырған шараға 7-ші және 11-ші сыныптардың оқушылары, яғни, 12 команда қатысты.

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 20 млрд. ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ЖЕТКІЗІЛЕДІ

«Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде дамыту. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек», – деген Мемлекет басшысы ауылды жерлерге мамандарды тарту үшін «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы  жүзеге асырылып жатқанын айтып өтті.  «Ауыл тұрғындары да, әкімдер де қаржыландырудың аз екенін айтуда.  Сол себепті, мен  бағдарламаны  қаржыландыру көлемін 2020 жылдан бастап 20 млрд. теңгеге дейін жеткізу шешімін қабылдадым», …

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 20 млрд. ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ЖЕТКІЗІЛЕДІ Read More »

50 млн. ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМДЫ АЙНАЛЫМҒА ЕНГІЗУ КЕРЕК

«Мал шаруашылығын дамыту үшін жайылымдық жерлерді кеңейту керек. Қазақстан әлем бойынша жайылымдық жерлердің көлемі бойынша бесінші орында тұрса да, оның тек 40 пайызын ғана пайдаланады. Осы орайда мұндай жерлерді  фермерлерге беру тетігін қысқартып, жетілдіру қажет.  Отарлы жайылымдарды игеру жұмысын да күшейту қажет. Жеке кәсіпкерлерге  құдық немесе су ұңғымасын қазуға көмектесу керек. Үкімет пен әкімдер алдағы он жылда  қосымша 50 …

50 млн. ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМДЫ АЙНАЛЫМҒА ЕНГІЗУ КЕРЕК Read More »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫССЫЗ КӨРСЕТІЛЕДІ

Тұрғындардың өз еркімен қала құрылысы мен сәулет талаптарына сәйкес келмейтін нысандарды салуы, берілген жерлерді жобадан тыс мақсат үшін пайдалануы мемлекеттік қызмет көрсетуге қиындығын тигізеді. Бұл жөнінде Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Серік Сабыралин орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

ҚЫЗМЕТ КӨЛЕМІ АРТУДА

Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік қызмет көрсету және денсаулық сақтау саласында көрсеткен қызмет көлемі 89,2 пайызды құрады. 

ЕТ КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ ҚАЖЕТ 

Мал шаруашылығын барынша дамытуға зор көңіл бөлінуі керек.  Бұл дәстүрлі ата кәсібіміз болғандықтан, шаруашылықты қалай жүргізу керектігін жақсы білеміз.   Ең бастысы, жұмысты заман талабына сай жүргізуіміз қажеттігін атап өткен  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Түрлі бағыттағы ет кластерлерін дамыту қажет. Атап айтқанда, қой шаруашылығын, сүт өндіруді және құс шаруашылығын өркендетуге тиіспіз. Сүт өнімі мен құс етін өндіруді екі есе арттырсақ, …

ЕТ КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ ҚАЖЕТ  Read More »

ТЫҢАЙТҚЫШ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТАР ЖЕТКІЛІКСІЗ

Қызылжар өңіріне жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде өткізген республикалық кеңесте елімізде минералды тыңайтқыштарды өндіретін 12 зауыт болғанымен, ішкі нарықты қамтамасыз ету көлемі 40 пайызды құрап отырғаны айтылды. Бұл мәселені шетелдік инвесторлар арқылы шешу керек. Қазақстан аумағында тыңайтқыш пен пестицид шығаратын лицензияланған дайын зауыттарды ашу туралы ұсыныс …

ТЫҢАЙТҚЫШ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТТАР ЖЕТКІЛІКСІЗ Read More »

АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА – ЖАҢА ӘКІМ

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихат депутаттарының бірауыздан қолдауымен Аққайың ауданына әкім болып Рүстем Елубаев тағайындалды.

АУРУ – АСТАН

      Ботулизм – инфекциялық аурудың ауыр түрі. Бұл ауру ластанған тамақтан жұғады. Аурудың қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Ботулизм микробтары ұзақ уақыт сақталады. Жемістер мен көкөністерге, тамақ өнімдеріне, мал азығына немесе жануарлардың ішегіне түсіп (оттегі болмаған жағдайда) өседі және токсин құрайды. Ол күшті бактериялық у болып табылады. Сыртқы ортаның әсеріне …

АУРУ – АСТАН Read More »

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕҢЕС ӨТУДЕ

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ауыл және агроөнеркәсіп кешенінің дамуы талқыланған республикалық кеңес өтіп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ауылдар мен ауыл шаруашылығын дамытуда үстіміздегі жылдың 8 айында атқарылған жұмыстарын баяндады. 

ЖЕЛАЯҚТАР – ҮШІНШІ ОРЫНДА

Жеңіл атлетикадан облыс құрамасы Ақтөбе қаласында өтіп жатқан V паралимпиадалық ойындарда үздіктер қатарынан көріне білді.

МҰХИТ – ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

«Қызылжар Арландары» спорт клубының өкілі Мұхит Тұрсынов Қарағанды облысында қазақ күресінен өткен республикалық турнирде сәтті өнер көрсетті.

“ЕКІ ЖҰЛДЫЗ” БАЙҚАУЫ

“Жастар жылы” аясында Ақжар ауданындағы Ақжарқын ауылдық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен “Екі жұлдыз” байқауы өтті. Аталмыш байқауда ауылдық округтердің өнерпаздары бақтарын сынады.

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚУАТЫ АРТТЫ

  “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ-ы жарты ғасырдан астам уақыт бедерінде республикамыздың дамуына сүбелі үлес қосуда. 1961 жылы құрылған зауыт кезінде одақ көлеміндегІ іргелі өндіріс орындарының бірі болып, мемлекеттің қорғаныс саласына қызмет көрсетті. Зымыран кешені мен метеорологиялық ракета сияқты күрделі өнімдер шығарып дүниежүзіне танылды.  Қазақстан егеменді ел болған кезде кәсіпорынымыз дамудың жаңа сатысына көтерілді. …

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚУАТЫ АРТТЫ Read More »

ХАЛҚЫНА ҚОРҒАН БОЛҒАН ҚОС БАТЫР

Қарасай батыр Алтынайұлы – жоң­ғар шапқыншылығына қарсы азат­тық соғыста қол бастаған белгілі сардар. Алатау бөктерінде туып-өс­кен. Ұлы жүз Шапырашты тайпасы­ның Есқожа руынан. Қарасайдың өмірге келген жылы 1598 (хижра бойынша – 976 – Мешін жылы). Оның Есім хан заманында соғысқа алғаш кіруі 17 жасында басталғанын де­рек­терден біліп отырмыз. Кезінде бүкіл Шапыраштының қолын басқа­рып әйгілі болған Жанай …

ХАЛҚЫНА ҚОРҒАН БОЛҒАН ҚОС БАТЫР Read More »

АЛАШҚА ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН

Петропавлдағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Қазақстанның мәдениет қайраткері, ардагер ұстаз, өлкетанушы Қайролла Мұқановтың “Абылай Рамазанов – Алаш қайраткері” атты кітабының тұсаукесері өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, автордың замандастары мен мектеп оқушылары қатысты.

«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ

Петропавлдағы облыстық балалар мен жасөспірімдер  шығармашылығы орталығында «Сәлем, орталық!» атты «Ашық есік» күні өтті. Бұл күні өңір тұрғындарына орталықтағы үйірмелер мен спорттық секциялар туралы мағлұмат беріліп, келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. 2019-2020 оқу жылында орталықта түрлі бағытта 70 шығармашылық бірлестік балалар игілігі үшін жұмыс істемек.

АЖАРЛЫ АЙЫРТАУ ТАБИҒАТЫМЕН БАУРАЙДЫ

Демалушылардың думанды ор­дасына айналған, табиғаты та­мылжыған Шалқар және Имантау көлдерінің жағалауларында 38 демалыс базасы бар. Бұл дема­лыс орындары тәулігіне 25 мың адамды қабылдай алады. Жыл соңына дейін олардың қатары тағы 7 демалыс базасымен то­лықпақ. Алайда, нысандардың ба­сым бөлігі жаз мезгілінде ғана жұмысын жүргізетіні көңілге кір­бің түсіреді. Себебі, олардың тең жартысы инфрақұрылымдық же­лілерге қосылмаған. Атап айтар …

АЖАРЛЫ АЙЫРТАУ ТАБИҒАТЫМЕН БАУРАЙДЫ Read More »

ТЫҢ ТУЫНДЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, М.Аверин атындағы облыстық әдеби бірлестіктің жетекшісі Кирилл Филоновтың жаңа кітабының тұсаукесері өтті.