«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.09.2019

ҚОЛЫ АШЫҚТЫҢ — ЖОЛЫ АШЫҚ

  Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Азаматтың шынайы келбеті қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. Осыдан да болар, адам ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылған. Мың құбылған дүниеде жақсылардың шарапаты өмірді әрлендіре түседі. Сол себепті де, жүрегі жомарт жандар қолынан келгенше қайырымдылық жасауды қасиетті парызының бірі деп …

ҚОЛЫ АШЫҚТЫҢ — ЖОЛЫ АШЫҚ Read More »

ТЕННИСТЕН БАҚ СЫНАСТЫ

Өткен демалыс күндері Петропавлдағы теннис орталығында 5 жастан 12 жасқа дейінгі балалар арасында теннистен облыстық жарыс өтті. Оған өңірімізден 32 спортшы қатысып, өзара бақ таластырды. Балдырғандар жастарының кішілігіне қарамастан, әдемі ойын өрнегін көрсетіп, сайыстың тартысты өтуіне барын салды.

МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫНЫҢ ЖЕМІСІ

  Солтүстік Қазақстан облысында жабылудың аз-ақ алдында тұрған ферма екі жылда адам танымастай өзгерді. Бұл – мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалана білген фермер еңбегінің жемісі. Тайынша ауданындағы “Донецкое – Нұрлы Жол” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыс орталығынан 200 шақырым жерде орналасқан. Донецкое ауылының тіршілігі тұралап, берекесі кете бастағанда іскер азаматтар күш біріктіріп, елді мекеннің тамырына қан жүгірткен …

МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫНЫҢ ЖЕМІСІ Read More »

“БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ

Өткен демалыс күндері Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен “Бірге – Таза Қазақстан” акциясы өтті. Оған “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы, “Ұлттық ақпараттық технологиялар”, “Қазтелерадио”, “Қазақтелеком” және “Мемлекеттік радиожиілік қызметі” АҚ-ларына бағынышты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында тәуелсіздік жетістіктерін еселеп, ел дамуын жаңа сапалы кезеңге шығару мүмкіндіктерін іске асыруды, соған орай жүйелі реформалар жүргізуді жұмысының негізгі бағытына айналдыратынын айтқан болатын. Үстіміздегі айдың басында жариялаған Жолдауының мазмұны, ең алдымен, Мемлекет басшысының өз ұстанымына берік адам екенін көрсетті. Мемлекет басшысы жаңғыру үдерісі азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүдделеріне сәйкес …

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ Read More »

ЕСІЛДІКТЕРДІҢ ЕКПІНІ ЖАҚСЫ

  Соңғы апталарда өңірімізде толассыз жауған жаңбыр егін жинау жұмыстарына кедергі болуда. Күн райының қолайсыздығына қарамастан, облыс диқандары алтын астықты шашау шығармай жинап алуға бар күштерін салуда.  Егін басына орақ салған Есіл ауданының шаруалары да уақытпен санаспай еңбек етуде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асқар Нұрымовтың айтуынша, 192,5 мың гектар алқаптың 75,4 мыңы орылған. Майлы …

ЕСІЛДІКТЕРДІҢ ЕКПІНІ ЖАҚСЫ Read More »

ПЕТРОПАВЛДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ҚАШАН БАСТАЛАДЫ?

“Петропавл жылу желілері” ЖШС-і жылу беру маусымын бастауға әзірлігін жалғастыруда. Энергетиктердің айтуынша, биылғы жылы қаланың жылумен қамту жүйесін іске қосу кезіндегі тұрғын үй қорының дайындығы 93 пайызды құрамақ. Қазіргі күні Петропавл қаласының 1084 көппәтерлі тұрғын үйінің 910-ы жылу беру маусымына дайын. 93 үйдің техникалық әзірлігі ресімделу үстінде.

ПРЕЗИДЕНТТІҢ КӨМЕКШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

  Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева ”Nur Otan” партиясы облыстық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Мемлекет басшысының көмекшісімен кездесіп, толғандырып жүрген мәселелерін айтуға келгендердің қарасы қалың болды.  Қызылжарлықтарды толғандырған мәселелердің дені – баспана салу, денсаулық сақтау қызметінің сапасын …

ПРЕЗИДЕНТТІҢ КӨМЕКШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ Read More »

“АНА КӨРГЕН ТОН ПІШЕР”

Нәзік жанның ой-қиялынан туған ұлттық нақыштағы бұйымдар әралуандылығымен ерекшеленеді. Азаматтық қорғаныс саласында қызмет ететін Жазира Құрманова сүйікті ісі үшін қашан да уақыт таба біледі. Кешкілікте немесе демалыс күндерінде ине-жібін қолына алады, ұлттық ою-өрнекті пішу кезінде кейіпкеріміз уақытты ұмытып, қиял әлеміне енгендей болады. 

ҚЫЗЫЛ ҚҰРТТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында бағалы шаян – artemia salina-ны заңсыз аулаған күдікті қолға түсті. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл ауданында рейдтік іс-шара кезінде 41 жастағы ауыл тұрғыны тізгіндеген «ВАЗ-2107» тоқтатылған. Көлікті тексеру кезінде артындағы тіркемеден artemia salina шаяндары салынған 9 қап табылды. Жүргізушінің жәндіктерді аулауға рұқсат құжаттары болмай шыққан. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің …

ҚЫЗЫЛ ҚҰРТТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Read More »

КҮН 35 ГРАДУСҚА ДЕЙІН ЫСИДЫ

«Қазгидромет» РМК 17-19 қыркүйекке арналған ауа рай болжамын ұсынады. Иран аймағынан келетін жылы ауаның әсерінен республиканың оңтүстігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. «Күндіз термометрдің сынап бағанасы плюс 25-30°С дейін, кей жерлерде плюс 35°С дейін жоғарылайды.

КӨПТЕН КҮТКЕН ІРІ ЖЕҢІС

  Бірінші лига командалары арасында өткен 20-шы тур барысында облыс орталығындағы “Қарасай” стадионында жергілікті “Қызылжар” футбол клубы “Екібастұз” командасымен кездесті.  Бұл ойында ірі есеп тіркеледі деп ешкім ойламағаны анық. Солтүстікқазақстандықтар “Ақжайық пен “Жетісу Б” командаларымен болған кездесулердегі 0:0-ден кейін жанкүйерлерін қуантқысы келген сияқты. Бұл матчты жерлестеріміз сенімді бастады. Бірден қонақтарды өз қақпасына тықсырып, аздаған минуттарда …

КӨПТЕН КҮТКЕН ІРІ ЖЕҢІС Read More »

БАЛАЛАР САЯХАТ ЖАСАДЫ

  “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде дарынды балаларға мамандандырылған “ЛОРД” лицейі оқушыларының қатысуымен “дөңгелек үстел” өтті. Онда балалар туған өңірдің тарихымен кеңірек танысып, білімдерін толықтырды.  Жазғы демалыс кезінде аталмыш білім ордасының оқушылары өңірдің киелі жерлер картасына енгізілген “Айғаным” қонысын, Иван Шухов атындағы мұражай мен “Байқара” ескерткішін аралаған. Жиын барысында олар осы саяхаттан алған әсерлері жайында әңгімелеп …

БАЛАЛАР САЯХАТ ЖАСАДЫ Read More »