«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОКСШЫЛАР ЕРЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Бокстан Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем чемпионатының жетінші күнінде үш қазақстандық былғары қолғап шебері жеңіске жетті. 

Бірінші жарыс күні шаршы алаңға алғашқы болып 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев шықты. Ол 57 килограмм салмақта Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Йоэль Финольмен жұдырықтасып, 3:2 есебімен басым түсті. 81 килограмм салмақта сынға түскен Бекзат Нұрдәулетов венесуэлалық Налек Баррерамен қолғап түйістіріп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ал 91 килограмм салмақта Василий Левит словакиялық Давид Михалекті ұтты.

Әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алған қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды. 52 килограмм салмақта Сәкен Бибосынов армениялық Артур Оганесянмен, 57 килограмда Қайрат Ералиев өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен, 69 килограмм салмақта Абылайхан Жүсіпов доминикандық Роан Поланкомен, 75 килограмда Тұрсынбай Құлахмет армениялық Арман Дарчинянмен, 81 килограмда Бекзат Нұрдәулетов түркиялық Байрам Малканмен, ал 91 килограмм салмақта Василий Левит иорданиялық Хуссейн Яшаишпен қолғап түйістіреді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp