Иван Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесті. Шараға мекеме қызметкерлері және оқу орнының студенттері қатысты.
Шара барысында жастар мәслихатының депутаты Әл-Фараби Мыңбай қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында жастар туралы айтқаны, 2020 жылдың “Ерікті жылы” болып аталғаны және осы қызметтің қоғамдағы маңызы туралы айтып берді. Сонымен қатар ол студенттерге “Дипломмен – ауылға”, “Жас кәсіпкер” бағдарламалары және елімізде жастарға арналған зор мүмкіндіктер жайлы сөз қозғады.
Кездесудің соңында студенттер Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Осыған дейін аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен мұндай шаралар облыс орталығының бірнеше колледжінде өткен еді. Басты саяси құжатты талқылауға және түсіндіруге арналған кездесулер алдағы уақытта өзінің жалғасын таппақ.