19 жастағы Жібек Құламбаева Қытайдың Аннин қаласында өткен “ITF World Tennis Tour” атты әлемдік турнирдің жеңімпазы атанды.
Қазақстан атынан сайысқа шыққан Жібек бірінші айналымда америкалық Эми Жуды 6:4, 6:2, екінші айналымда корт иесі Шо На Муданды 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Ширек финалда отандасымыздың қарсыласы – жапондық Аяка Окуно екінші сетте матчтан бас тартты. Жартылай финалда жерлесіміз тағы бір қытайлық спортшыдан 6:2, 6:2 есебімен басым түсті. Ал соңғы сында хорватиялық Олександра Олийникованы жеңді. Есеп – 6:3, 7:5.