«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКТЕПТЕГІ ЖӨНДЕУ ҚАШАН АЯҚТАЛАДЫ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл жазғы демалыс уақытында білім ошақтарын жөндеу жұмыста­ры­на қыруар қаржы бөлінгенінен көп­шілік хабардар. Әрине, әрбір ата-ана бала­сының жақсы мектепте оқыға­нын қа­лай­ды. Алайда, білім күнінде бірқатар мектептер оқушыларды қа­былдауға дайын болмай, ата-аналар мен оқушы­лардың қуанышы су сеп­кен­дей басыл­ды. Мектеп басшыла­ры көп жағдайда кінәні жұмысты уа­қытында аяқтамаған мердігерлерге артады. Жергілікті білім ошақтарында бұдан басқа да түйткілді мәселелер шаш-етектен. Қызылжар ау­да­нының Якорь ауылындағы орта мек­тептегі күр­делі жөндеу жұмыстары уа­қы­тында аяқталмағанымен қоймай, апат­тық жағдайда тұрған ғимарат оқу­­шылар үшін қауіп төндіруде. Ба­ла­ла­рының өміріне алаңдаған ата-аналар құ­зырлы органдарға жүгініп, осы мәсе­лені ше­шуді сұраған.

Ата-аналардың айтуынша, мек­теп 17 жыл бұрын апаттық деп таны­лып, күр­делі жөндеу жұмыстары жүр­гізілген. Мұның өзі бірне­ше рет ша­ғымданнан кейін ғана қол­ға алын­ған. “Биыл мектепті жөндеуге 57 млн. теңге ақша бөлінді. Бірінші қа­баттағы фойе­дегі сылақты алып тас­тағаннан кейін сол жақ қабырғада үлкен жарықша пай­да болды”, – делін­ген хатта. Яғни, ата-аналар тиісті са­раптаманы қайтадан жүргізіп, мек­тептің қазіргі жағдайын анықтауды талап етіп отыр.
Осы мәселе бойынша Қызылжар ау­­да­ны әкімінің орынбасары Алма Нұрға­лиеваға хабарласқан едік. Ол жоба­лық-сметалық құжаттама әзір­ленерде қажетті сараптама жүргізіл­генін айтты. Яғни, мектеп ғимараты жарамды деп танылып, жөндеу жұ­мыстарын жүргі­зуге болады деген ше­шім шығарылған. Алайда, ата-ана­лар толық сараптама жүргізуді талап етуде. Сондықтан ар­найы ко­миссия құрылып, мемлекеттік сарап­та­маға тапсырыс берілді. Нәти­жесі жақын күндері белгілі болады.
Бұл жағдайды мұқият назарда ұс­тап отырған Қызылжар аудандық про­ку­ратурасы аталған мектептегі жөн­деу жұмыстарына сараптама жүр­гізіп, анық­талған заң бұзушылықтар бойын­ша прокурорлық қадағалау актісін тол­тырған.
Аталған білім ордасы – ауылдағы жал­ғыз мектеп, оның үстіне жақын маң­дағы елді мекендерден де мұнда ке­ліп оқитындар бар. Оқушылар саны 300-ден асады. Жаңа оқу жылы бастал­ғанда мектептегі асхана, акт залы, ин­тернат және балаларға ар­налған ша­ғын орталықтағы жөндеу жұмыстары аяқ­талмаған болатын. Мектеп басшы­лары ата-аналарды спорт зал мен ас­ха­надағы жөндеу жұмыстары оқушы­лардың білім алуына кедергі келтір­мейтінін айтып, сендірген. Алайда, шаң-тозаңның ара­сында құрылыс­шылармен қабат­тасып білім алу оқушылар үшін қиын­дық тудыруда.
Жергілікті бас­шылардың сөзінше, мау­сым айында басталуы тиіс жөндеу жұ­мыстары шілде айында әрең де­генде қолға алынған. Құрылысшы­лар бекі­тілген жобалық-сметалық құ­жаттамаға өзгерістер енгізіп, уақыт одан әрі созыла түскен. Жаңа оқу жы­лының ба­сында мердігер компа­ния жұмыстарды 10 күннің ішінде аяқтай­мыз деп сен­дірген. Ата-аналардың шағымынан кейін жағдай тіпті қиындай түсті. Мектептегі жөн­деу жұмыстары енді қашан аяқ­талатыны беймәлім.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp