Айыртау ауданында “Botaı – Uly dalanyń mádenıeti” халықаралық суретшілер симпозиумы өтуде. Оған Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан елдерінен және еліміздің басқа өңірлерінен 19 суретші жиналды.
Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Болат Серікбековтың айтуынша, халықаралық деңгейде елімізде бірінші рет ұйымдастырылып отырған шара Ботай мәдениетін елімізге ғана емес, басқа да мемлекеттерге таныту мақсатын көздейді. Алдағы уақытта бұл дәстүрге айналып, суретшілер симпозиумын Алматы, Нұр-Сұлтан, тағы басқа қалаларда өткізу жоспарланып отыр.
Ал суретшілердің дені өңірдің әсем табиғатын бейнелеуде. Олардың жұмыстары қыркүйек айының соңында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтетін көрмеге қойылады.
Толығырақ газетіміздің келесі сандарынан оқи аласыздар.