Коломна қаласында шорт-тректен Ресей Федерациясының ашық кубогы өтуде. Додаға Қазақстан, Латвия, Нидерланд, АҚШ және Ресей спортшылары қатысуда.
Айдынға шыққан қазақстандықтар екі медаль жеңіп алды. 500 метрлік қашықтықта күш сынасқан спортшылар арасынан Қазақстан командасының үздігі Абзал Әжіғалиев топ жарды. Тағы бір отандасымыз Денис Никиша күміс жүлдегер атанды.