«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда өңірімізге Мәскеу қаласынан білікті инженер, Александр Прохоров атын­дағы инженерлік ғылымдар акаде­миясының корреспондент-мүшесі Юрий Мещеряков келді. Ол облыс орталы­ғындағы “Изолит” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінің жұмысшыларымен өз тәжірибесімен бөлісті.

“Изолит” ЖШС-і – теміржол, энергетика салаларында кеңінен пайдаланылатын жоға­ры сапалы электроқшаулағыш материалдар өндіретін кәсіпорын. Зауытта жылына 400 млн. теңгенің өнімі шығарылады. Жергілікті зауыттың сапалы тауарлары елімізде ғана сатылып қоймай, Беларусь, Украина және Ресейге экспортталады. Кәсіпорын шыға­рылатын өнім көкжиегін кеңейтуді көздеп отыр. Мәскеулік инженер екі апта бойы тех­нологиялық үдерісті жақсарту бойынша өзінің тәжірибесімен бөлісті.
– Мен кәсіпорын жұмысшыларына “Аргоф-ЭП” атты электр оқшаулағыш эмаль өндіруді үйреттім. Сапалы әрі экологиялық таза өнім­ді атом-электр станцияларында, флот өнді­рісінде қолдануға болады. Алдағы уақытта серіктестік басшылығы Ресейдің Новосібір қаласынан тапсырыспен арнайы қондырғы алдыртпақ. Қазір кәсіпорында 100-ден астам адам жұмыс істейді екен. Олардың барлығы да тәжірибелі, – деді Юрий Мещеряков.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының са­рап­шысы Әсел Самаратованың айтуынша, “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жобасы аясында жыл сайын облысымызға 4-5 шетелдік маман келеді. Олар жергілікті кә­сіпкерлерге кәсіпорынды басқарудың жаңа әдістерін, заманауи өндіріс технологиясын, жабдықтарды қолданысқа енгізуді үйретеді. Мәселен, өткен жылы өңірімізге Түркиядан білікті кондитерлер келді. Жыл соңына дейін өңіріміздің үш кәсіпорнына шетелден кеңес­ші-мамандар келеді деп күтілуде.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,
облыстық кәсіпкерлер палатасының  баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp