«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше Ресей Федерациясының Челябі қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы өзара іс-қимылына жауап беретін 8 аумақтық орган басшыларының 7-ші жұмыс кездесуі басталды. Онда шекаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқылануда.

 Форум жұмысына Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысуда. Қазақстан Республикасы делегациясы құрамында Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің бастықтары бар. Қазақстандық делегацияны Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов бастап барғанын айта кету керек.
7-ші кездесуді Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс істері, төтенше жағдайлар және зілзалалардың салдарын жою жөніндегі министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Владимир Соловьев ашты. Жиынға қатысушы барлық елдердің өкілдері сөз сөйлеуге мүмкіндік алып, атқарылған жұмыстар мен түйінді мәселелерге тоқталды. Баяндамашылар соңғы жылдары төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық айтарлықтай дамып, өз нәтижесін бере бастағанын атап көрсетті.
Кездесудің бірінші күнінің қорытындысы бойынша тараптар қатысушы елдердің ұсыныстарын ескере отырып, хаттаманы пысықтауға және қол қоюға, сондай-ақ 2021 жылға жоспарланған 8-ші кездесу алаңын анықтауға келісті. Кездесу жұмысы ертең аяқталады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp